«Алла білсе болды»: Әзіреті Алидің немересі Зейнел Абидиннің қайыры
«Алла білсе болды»: Әзіреті Алидің немересі Зейнел Абидиннің қайыры
3 жыл бұрын 4611

Ислам тарихының алғашқы кезендерінде Мәдинадағы кейбір пақырлардың есік алдарына беймәлім бір адам күнде таңертең бір қап азық қойып кететін. Бір күні пақырлар тұрып қараса, есік алдына азық қойылмапты. Себебін түсінбей тұрған сәтте мұңды бір салауат (қайтыс болған адамға айтылатын жаназа на- мазына шақыру дұғасы) дауысы естіледі. Сөйтсе Мәдинада Ха- зіреті Әлидің (радиаллаһу анһу) немересі Зейнел Абидин Хазірет қайтыс болған екен. Бұған барлық адам қайғырады.

Сөйтіп пайғамбар ұрпағына деген соңғы міндеттер байыптылықпен атқарыла бастайды. Марқұмның мәйітін жуа- тын кезде, бұл міндетті атқаратын адам марқұмның арқасынан көлкілдеген жараларды көріп таң қалады.Себебін түсіне алмай- ды. Жақындарынан сұраған кезде, оның бұл сырын білетін бір туысы:

«Зейнел Абидин Хазірет күнде таңертең азық қаптарын арқасына көтеріп, таң атпай ешкімге көрінбей, пақырлардың есік алдарына қойып кететін-ді. Сондықтан халық әлгі қаптарды кімнің қойғанын біле алмайтын. Арқасындағы жарақат сол қаптарды көтергеннен пайда болған жаралар» - дейді.

ҚИССАДАН ҮЛГІ:

Амалдарын тек Аллаһ Тағаланың ризашылығы үшін істейтін жандар істеген істерін ешкімге айтпай, тыйым салынған (харам) сыр сияқты халықтан жасыруға тырысады. Өйткені, Хаққа тән бола тұра, халыққа айтылған амалдарда Аллаға апарар ешқандай қасиет қалмайды. Өйткені, айтылып істелген еңбекті риялық пен тәкаппарлық сезімдері орап тұрады. Сондықтан, Хақ жолында жасалған әрбір салих амал - «Фәнилер емес, Бақи білсін!» деген оймен істелсе қабыл болады және мұндай істердің сый-сияпаты мен сауабын жазуға сия жетпейді.
Шынайылықпен, шын көңілмен қызмет етіп, Аллаһтың құлдарын қуанту жолында нәпсісін емес, Хақты разы еткен мұндай есімі белгісіз, нағыз қаһармандар қандай бақытты?!

"Иманнан ихсанға ТАСАУУФ".

0 пікір