Балаңның бетінен сүймесең...
Балаңның бетінен сүймесең...
8 жыл бұрын 5610

Әбу Осман Нахди былай әңгімелейді: Халифа Омар (р.а.) Бәну Асад руынан бір адамды бір қызметке тағайындайды. Әлгі кісі қызметке тағайындалуына қатысты бұйрықты алып кетуге Омардың алдына келеді. Сол кезде балаларының біреуі Омардың қасына келеді. Омар баласын құшағына басып, бетінен сүйеді. Сол кезде әлгі кісі: «Уа, мұсылмандардың басшысы, сен баланың бетінен сүйесің бе? Алланың атымен ант етейін, балалардың бетінен сүйіп көрмеппін» деген кезде Омар (р.а.) «Аллаға ант етейін, олай болса сенің халыққа деген мейірімің жоқ екен. Бұйрықты қайтып аламын. Бұдан былай менің мемлекеттік қызметкерім бол алмайсың» деп, оның қызметке тағайындалу бұйрығын жарамсыз етеді»[1].

[1] Байхақи. Шуабул-иман, 9/41 

0 пікір