Жұмыс істеудің орнына құлшылық жасайтын адамға Иса пайғамбардың (ғ.с.) айтқаны
Жұмыс істеудің орнына құлшылық жасайтын адамға Иса пайғамбардың (ғ.с.) айтқаны
1 жыл бұрын 6626

Суфиян әс-Сәури әкесінен, ал әкесі Ибраһим әт-Тәймиден жеткізген риуаят бойынша, бір күні Иса пайғамбар (ғалейһиссәләм) жолда келе жатып бір адамды кездестіріпті. Иса пайғамбар әлгі кісіден:

- Не істеп отырсың? – деп сұрапты.

- Құлшылық жасап отырмын, - деп жауап беріпті әлгі адам.

- Сені кім асырап жатыр? – деп сұрапты Иса пайғамбар.

- Ағам! - деп жауап беріпті әлгі адам. Сонда Иса пағамбар әлгі адамға:

- Ағаң сенен асқан құлшылықшыл тақуа жан екен! - депті де өтіп кете беріпті. Осылайша, Иса пайғамбар жұмыс істеп нәпақа табудың өзі үлкен құлшылық  екендігін ұқтырыпты.  

Абдусамат Қасым


Ахмед ибн Мәруа әл-Мәлики: "әл-Мәжәәлиса уә жәуәһируль ъилм". 

 

 

 

 

0 пікір