Неге ренжітесің?
Неге ренжітесің?
9 жыл бұрын 4121

Бір күні Мәулана Румидың қызы Мәлика ханым өз күңіне ұрысып жатты. Осы уақытта байқаусызда есіктен бас сұққан әкесі қатты ашуланып, күңіне ұрысып жатқан қызын көріп: «Күңді неге ұрасың? Оны ренжітетіндей қандай ақың бар? Осы әйелге өзің күң болсаң қайтер едің? Қаласаң, әлемде Алладан басқа ешкімнің құлы да, күңі де болмайды деп пәтуә берейін. Негізі құлдар да, күңдер де бәрі біздің бауырларымыз» деп қызына қатаң ескерту жасады. Қызы қатесін түсініп, кешірім сұрады. Дереу күңнің басына бостандық беріп, үстіндегі бар киімін соған кигізді. Одан кейінгі уақыттарда құлдар мен күңдерді ренжітпей Пайғамбардың сүннетіне сай іс жасайтын болды[1].

[1] Әфлақи, Манақибул-Арифин б. І, 438

0 пікір