Хат қоржын: Қытайға дін үйретемін деп жүрсем...
Хат қоржын: Қытайға дін үйретемін деп жүрсем...
9 жыл бұрын 6087
Айшынар Шөмішбай

Ассалаумағалейкум. Сіздерге өз басымнан өткен мына бір екі оқиғаны баяндап бергім кеп хаты жазып отырмын.

Мен Алматыдан жүз шақырымдай жерде бір фирмада жұмыс істеймін. Бастығымның ұлты – қытай. Өзім бес уақыт намаз оқимын. Басыма орамал да тартамын. Жұмыс барысында намаз оқып келуге шығып кететінімді де көріп жүреді. Бір күні намаз оқып келіп, орныма жайғаса бергенімде бастығым:

– «Намаз» деген не?», – деп сұрады. Төтеннен қойылған бұл сұраққа қалай жауап берерімді білмей бір сәт абдырап қалдым да:  

– Ол құлшылықтың бір түрі, Құдайға дұға қылып, қажет-тілеулерімізді сұраймыз, – дедім. Қайтып ештеңе сұрамады. Сұрағына қанағаттандырарлықтай жауап бермегенім үшін мен де өзіме налыдым.

Тағы бір күн:

– Сонда сендердің ұстанатын діндеріңнің негізі не? Нені үгіттейді? – деді. «Көкейімдегі көп жақсылықтарды қалай бір сөзге сыйғызсам екен» деп қиналдым. Аз ойланып:

– Дініміз Алла бір, Мұхаммед оның елшісі екеніне куәлік етіп, иман етуге шақырады, – дедім. Ол:

– Ал қасиетті қалаларың қайсы? – деп сұрағын әрі жалғастырды. Мен қасиетті үш қаланы (Мекке, Мәдина, Құддыс) айттым.

– Сонда Мекке қаласы Алланың туған жері ма? – деді. Мен күлдім (кейін таңғалдым, шынымен де қаншама адам Ислам жайлы осынша таяз түсінікте ме?..)

– Жоқ, ол Пайғамбарымыздың туған жері.

– Сонда Алла деген Пайғамбардан жоғары тұра ма? – деді тағы да.

– Біз Алланың бізді жаратқанына, бәрінен де жоғары тұратынына сенеміз, – дедім.

Осындай әңгімелерден кейін ол маған христандардың бір киносын көруді ұсынды. «Керемет түсірілген фильм» деді. (The Da Vinci Code – «Да Винчидің коды»). Олардың өз діндерін ақпарат тұрғысынан жарнамалау күштілігіне басымды шайқадым. Дін тарихынан хабар беретін киноларды көптеп шығаруда екен ғой деп ойладым. «Шіркін, осындай бір адамға дін жайлы түсіндіріп, қызықтырып, иман келтіруіне себеп болсам, нұр үстіне нұр болар еді ғой» дедім. Дей келе, ол үшін жүйелі түрде діни білім болу керектігін түсіндім. Бұл бірінші оқиға.

Екінші оқиға. Бірде дәм тартып Шымкентке жолымыз түсіп, қайтарда Отырар пойызына міндік. Купеде жеңгем екеуімізден басқа орта жасқа келген бір аға мен бір жігіт болды. Жігіт те намаз оқиды екен. Менің орным үстіңгі қабаттан болды, пойыз жүрісімен орныма көтеріліп, теріс бұрылып жатып қалдым. Таңертең ертерек тұрып, жуынып-шайынып болып отыр едік, жаңағы үлкен ағамыз:

– Ерте тұрып алыпсыңдар ғой. Неге бастарыңа орамал тағып алғансыңдар? Әлде діндерің солай ма? – деді.

– Иә, әйел адамның әуретті жерін жауып, басына байлам тағуы парыз ғой, – деді жеңгем.

– А, солай ма? – деп тұрып жүріп кетті. Біраз уақыттан кейін орнына қайта оралған соң:

– Ал сіз қай діндесіз? – деп сұрадым.

– Мен де сендердің діндеріңдемін, – деді.

– «Діндерің солай ма?» дегенге басқа дінде ма деп ойлап қалдым ғой, – деп едім, басын шайқап күлді де:

– Сонда сен осылай оранып жүре бересің ба, әлі жассың ғой, әлі тұрмысқа да шықпапсың... – деді.

– Бұйырса осылай жүремін, – дедім.

Аздан соң:

– Діннің шығу тарихын білесіңдер ма? – деп сұрады.

– Толық білмесек те, білеміз, – дедім.

– Соны білу керек.

– Ислам тарихын терең білсеңіз, бізге де айта отырыңыз.

– Оны бір сөзбен айтып жеткізуге келмейді. Сендер Мұхаммедтің суретін көрген бе едіңдер?», – деді. Мен:

– Жоқ, Пайғамбардың суреті салынбаған, – дедім.

– Менде бір кітап бар (17?? пәленше жылы жазылған деді). Француздар жазған. Соның ішінде Мұхаммедтің суреті салынған.

– Олар сонда Мұхаммедті көріп па?

– Иә, көрген ғой. Сауда жасап Испанияға барған ғой. Мұхаммед Испанияға шабуыл жасаған, – деді. Күлдім.

– Пайғамбар Испанияға жорық ашпаған. Сахабалары, кейінгі үмметтерінен болған шығар.

– Қарағым-ау, тарихты білу керек, оқу керек. Сендер өз айтқандарыңнан қайтпай тұрып аласыңдар. Ішімнен «мынаның сандырақтап тұрғаны-ай» деген ой келді, өзім қатты білетіндей. Біраз уақыттан кейін жанымыздағы намаз оқитын аға келіп:

– Әңгіме не жайында болып жатыр? – деп ол да арамызға кірді. Пойыздан түсетін уақыт таяп, купеден шығып, түсуге дайындалып тұрдық. Купеде қалған екеудің әңгімелері құлағыма еміс-еміс келіп тұрды. Үлкен аға:

– Қарағым-ау, қағаз деген 20 жылда шіриді. Әмбе ол кезде қағаз болмаған. Ағашқа, тасқа жазған. Ол біреуден біреуге жеткізіліп, көшіріліп жазылған, сүйтіп өзгертілген, – деп жатыр. Аллаһым кешіре гөр. Бұған енді не айтуға болады? «Басқа ұлт өкілін дінге шақырамын ба» деп жүрсем, дін жайынан хабары бар өз қазағымнан да осындай кертартпа бар екен-ау деген ой келді. Осы оқиғалардан кейін менің көкейімде мынадай сұрақтар пайда болады:    

1. Бірінші оқиғада болғандай оқиғаларға тағы тап болсам, қалай нақты жинақы түрде жауап қайтарсам екен?

2. Дін жайлы білмейтін адамды дінге шақыру үшін қандай хикмет немесе ғибратты әңгімелер айтуға болады? Әлде әр адамға әртүрлі насихат керек пе?

3. Діннен аздап хабары бар адамды құлшылыққа қалай шақырамыз?

4. Ойлап қарасам, дін жайлы білгенім шашылған ұсақ шегелер сияқты, бір ағашқа ретімен шегелеп шыға алатындай жүйелі түрде алдымен не үйрену керек, кейін не үйрету керек деген тізім керек сияқты.  

6. Жаңағы хадис жайлы, өзім білгенім шамалы болып, басқаға үйретем, айтамын деу әумесерлік болып, сұрақтар қойса, дұрыс жауап бере алмасам, басқаша түсініп кетуіне себепші болып қаламын ба? Ойым сан сақта болып, сұрақтар қат-қабат қайталанып кетті. Кімнің сөзі екенін ұмыттым «үйренудің ең жақсы жолы – үйрету», «үйретудің ең жақсы жолы – оны мұғалім қылып шығару» дейді.

Оқырман бұған не дер екен...?  

5 пікір
  • Ассалаумағалейкум! Бұлай хатқа түсіріп жазып жібергеніңіз шынымен басқаларға да сабақ болар нәрсе екен! Шариғат бойынша киінгендіктен адам дініміздің тәмсіл етуші ретінде көрінеді ғой сырт көзге! Сондықтан алдымен өзіміз дінді жақсы білуіміз керек міндетті түрде! Оқып отырып сіздің орныңызда болғанда былай жауап берер едім, былай айтар едім деп ойлап отырдым! Бірақ ол адамдарды Аллаһ Тағала сізге жіберіп отыр! Сенің себепкерлігіңмен бір адамның дінге келуі дүниедегі барлық нәрселерден артық дейді хадисте! Сізге айтарым, көптеп кітаптар оқыңыз! Адамда бос уақыт міндетті түрде табылады! Сондай уақыттардың барлығын соған пайдалансаңыз жақсы болады! Аллаһқа шүкір, қазір кітаптар көп. Бірақ басты назар аударатын мәселе, Діни басқарма тарапынан мақұлданған кітаптарды ғана оқу керек! Ислам тарихы жайында, дін негіздері және ғибадатты түсіндіретін ғылымхал кітаптарын оқыңыз! Бәрі бірден келе қоймайды, әрине! Бірақ оқыған сайын біліміңіз толыға түседі! Оны өзіңіз де байқайсыз! Кейін сіз де сол кезде былай жауап беруім керек еді деп те ойлайтын боларсыз! Ол кез енді қайтып келмесе де, алда сондай жағдайлар қайталануы мүмкін екені анық! Аллаһ баршамызға терең ілім нәсіп етсін!
    9 жыл бұрын
    • Ассалаумағалейкум! Я бул расында ойландыратын жагдай. Казир коп адамдар кате пикирде жур. Орамал таккан кызды немесе ер адамнын сакал койганын корсе кирпидей жирылып баска динге кирип кеткен деп ойлайды. Осынын бари адамдардын куранды билмеуи пайгамбардын (с.а.у.) суннетин дурыс тусинбеуинен деп ойлаймын .
      9 жыл бұрын
  • Сайт әкімшілігінен де жауап күтеміз...
    9 жыл бұрын
    • иа солай динди тусинбйтин адамдар от коп екен Менby намаз бастаганыма жети айдай болд арине аз уакыт Бирде поезга мингенимде бир айел тиискен орамал такканым ушин жап жас боп не мынау деп шуйлигип дымымды калдырмаган бари жабылып мени кылмыскер адам уксатып тастаган тилдери сондай лас бари жабылганда нестеримди билмедим жане маган орамал тактырмаган уйдегилер орамалды кадимгиди котерип тагуга гана руксат алгам оранsg таккам жок Оранып таксам точна мени сабап тастайд шар ана жерде ойласам ишим куйет сол айелдерге оздери мини юбка киИП АЛГАН оздерине шан жуытпайд типти рухани жетим адамдар екени сойлеген создеринен ак коринип тур
      9 жыл бұрын
  • Арман Қуанышбайұлы сияқты жеткізе білу керек
    8 жыл бұрын