Азан­ның шар­тта­ры
Азан­ның шар­тта­ры
9 жыл бұрын 77228
Қайрат Жолдыбайұлы
  1. Уа­қыт­тың кіруі. На­маз уақы­ты кір­мей тұ­рып азан оқу – жақ­сы емес. Мұн­дай азан­ды уа­қыт кір­ген­нен кейін қайта оқу қа­жет.
  2. Азан араб­ша оқы­луы ке­рек.
  3. Азан мен қа­мат­ты жа­ма­ғат­қа ес­тір­ту.
  4. Азан мен қа­мат­тың сөз­де­рі рет-ре­ті­мен оқы­луы ке­рек. Рет-ре­ті­мен оқыл­ма­ған азан – мәк­рүһ.
  5. Азан­ды бір адам ға­на оқу ке­рек.
  6. Ха­на­фи­лар бойын­ша, азан­шы – ер кі­сі, ақыл-есі тү­зу, тақуа, сүн­нет­ті жә­не на­маз уа­қыт­та­рын жақ­сы бі­ле­тін адам бо­луы ке­рек. Қа­раң­ғы, па­сық­тар­дың азан оқу­ла­ры –мәк­рүһ. Әйел­дер­дің жә­не жү­ніп кі­сі­нің азан оқуы мен қа­мат айтуы – мәк­рүһ. Дә­рет­сіз адам­ның да қа­мат айтуы – мәк­рүһ. Ха­дис: «Дә­ре­ті бар адам ға­на азан оқи ала­ды».214
  7. Азан­шы­ның даусы әде­мі бо­луы ке­рек. Бұ­ған мы­на ха­дис дә­ләл: «Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) жиыр­ма адам­ға азан оқыт­ты. Әбу Мах­зу­рә­ның даусы ұнап, оған азан үй­рет­ті215.
  8. Азан ес­ті­лу үшін жо­ға­ры бір жер­ге шы­ғып оқу қа­жет. Әл­бет­те, қа­зір­гі кез­де ды­быс зо­райт­қыш бол­ған­дық­тан қа­жет емес.
  9. Азан сөз­де­рі со­зы­лып оқы­ла­ды. Қа­мат ке­рі­сін­ше тез оқы­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) Ха­зі­ре­ті Бі­ләл­ға бы­лай дейді: «Бі­ләл, азан оқы­ған кез­де сөз­де­рін со­зып оқы. Қа­мат (тәк­бір) айт­қан кез­де тез-тез оқы»216.
  10. Азан мен қа­мат­ты оқу­шы құ­бы­ла­ға қа­рап оқи­ды. «Хаййә 'аләс-Са­ләһ» де­ген сәт – оң жақ­қа, «Хаййә 'аләл-Фә­ләх» де­ген сәт – сол жақ­қа ба­сын бұ­ра­ды. Азан даусы­ның жақ­сы шы­ғуы үшін екі сауса­ғын екі құ­ла­ғы­на қояды. Әбу Жу­хайфә (р.а.) бы­лай дейді: «Бі­ләл­дің азан оқы­ға­нын көр­дім. Ол жү­зін оң мен сол жақ­қа бұ­рып, «Хаййә 'аләс-Са­ләһ», «Хаййә 'аләл-Фә­ләх» деп жат­ты. Екі сауса­ғы екі құ­ла­ғын­да бо­ла­тын».
  11. Азан мен қа­мат уақы­ты на­маз­бен қа­тар қа­за на­маз­да­ры үшін де сүн­нет.
  12. Азан мен қа­мат ара­сын­да аз­дап уа­қыт бөл­ген аб­зал. Пай­ғам­ба­ры­мыз Бі­ләл­ға: «Бі­ләл, азан мен қа­мат ара­сын­да та­мақ­та­нып отыр­ған адам­ның та­ма­ғын асық­пай бі­ті­ріп, асық­пай қа­жет­ті­лік­те­рін өтей­тін­дай уа­қыт бер»217, – де­ді.
  13. Азан оқы­ған уа­қыт­та сөйлеуін до­ға­рып, тіп­ті Құ­ран оқы­ған адам да тоқ­тап, азан тың­дауы аб­зал. Кей­бір көз­қа­рас­тар бойын­ша, ме­шіт пен үйін­де Құ­ран оқы­ған адам, Құ­ран оқуын тоқ­тат­пай жал­ғас­ты­руына бо­ла­ды.

Азан мен қа­мат­ты ес­ту­ші­нің азан­шы­мен бір­ге құ­пия оқуы – мұс­та­хап. Бі­рақ, «Хаййә а'ләс-Са­ләһ», «Хаййә а'ләл-Фә­ләх» оқыл­ған­да, тың­даушы: لا حَوْلَ وَلا قُوَّةَ إلاََّ بِِالله «Ләә хаулә, уә ләә қууәтә ил­лә бил­ләһ (На­ғыз күш-қуат Аллаһ­та)» – деп айта­ды.

Азан оқыл­ған соң бы­лайша дұ­ға оқы­ла­ды:

{أللهُمَّ رَبَّ هَذِهِ الدَّعْوَةِ التَّآمَّةِ وَ الصَّلاةِ الْقَآئِمَةِ آتِ مُحَمَّداً الْوَسِيلَةَ وَ الْفَضِيلَةَ وَ الدَّرَجَةَ الرَّفيعَةَ وَ ابْعَثْهُ مَقَاماً مَحْموداً الَّذي وَعَدْتَهُ اِنَّكَ لاَ تُخْلُفُ الْمِيعادَ}

«Аллаһум­ма рәб­бә һә­зи­һид-да'уа­тит-тәәм­мә уәс-са­ла­тил-қааймә, әәти Му­хам­мә­дә­нил-уәсиилә­тә уәл-фа­ди­илә­тә, уәд-дә­рә­жә­тәр-рафии'та. Уәб'ас­һу ма­қа­мәм мах­му­дә­нил­ла­зи уа'ат­тәһ. Ин­нә­кә ләә тух­ли­фул-ми'аад». Ма­ғы­на­сы: «Ей, мы­на то­лық азан мен оқы­ла­тын на­маз­дың Раб­бы! Ха­зі­ре­ті Мұ­хам­мед­ке ар­қау бо­лу­ды, ерен ерек­ше­лік­ті жә­не жо­ға­ры дә­ре­же­ні бер! Жә­не де оны өзің уәде ет­кен «Мах­муд шы­ңы­на» жет­кіз. Сен өзің­нің бер­ген уә­дең­ді орын­дайты­ны­ңа еш­қан­дай кү­мән жоқ».

 

На­маз­дан тыс жә­не кей­бір се­беп­тер­ге байла­ныс­ты азан оқу – мән­дүп. Бұ­лар:

1. Ба­ла дү­ниеге кел­ген­де құ­ла­ғы­на азан оқу. Аллаһ Ел­ші­сі не­ме­ре­сі Ха­зі­ре­ті Ха­сан туыл­ған­да құ­ла­ғы­на азан оқы­ған218.

2. Со­ғыс уақы­тын­да, өрт жағ­дайын­да азан оқу.

3. Қат­ты ашу­лан­ған, нау­қас­тан­ған, жа­ман мі­нез­ді адам­ның не­ме­се жан-жа­нуар­дың құ­ла­ғы­на азан оқу – мән­дүп.

 Жын мен шай­тан қор­қы­ныш­ты бір бейне­де кө­рін­ген кез­де, бұ­лар­дың ке­сі­рі­нен сақ­та­ну үшін азан оқы­ла­ды. Өйтке­ні, шай­тан­ның азан оқыл­ған кез­де қа­ша­тын­ды­ғы ха­дис­те айты­ла­ды.



214 Тирмизи, Салат, 33.

215 Дарими, Салат, 7.

216 Тирмизи, Салат, 29.

217 А.б. Ханбәл, Муснәд,V, 143.

218 Әбу Дәәуд, Әдәб, 107.

0 пікір