На­маз­ды бұ­за­тын нәр­се­лер
На­маз­ды бұ­за­тын нәр­се­лер
9 жыл бұрын 19371
Қайрат Жолдыбайұлы

На­маз­дың сыр­тқы не­ме­се іш­кі па­рыз­да­ры­ның бі­рі­не қан­дай да бір нұқ­сан­дық кел­се, на­маз бұ­зы­ла­ды.

На­маз­ды бұ­за­тын нәр­се­лер:

1.На­маз­да сөйле­су. На­маз­да мейлі әдейі, мейлі жа­ңы­лы­сып сөйле­се, на­ма­зы бұ­зы­ла­ды. На­маз­да бі­реу­дің түш­кір­ге­ні­не «яр­ха­му­каллаһ» (Аллаһ са­ған ра­қым ет­сін) де­ген бір са­ха­ба­ға Аллаһ Ел­ші­сі на­маз­дан кейін бы­лай дейді: «На­маз­да адам­дық (қа­рым-қа­ты­нас) сөз­дер­ді сөйлеу дұ­рыс емес. На­маз – тәс­бих, тәк­бір жә­не Құ­ран оқу­дан тұ­ра­тын ғи­ба­дат»207. Бі­рақ адам­ның өз-өзі­не «Яр­ха­му­каллаһ» деуі на­маз­ды бұз­байды.

Адам­ның нау­қас­ты­ғы­нан не­ме­се бір за­ты­нан, бір до­сы­нан айры­лу се­кіл­ді қайғы­лар­дан әріп­тер бел­гі­лі бо­ла­тын­дай дауыс­пен жы­ла­са, не­ме­се «аһ, уһ» се­кіл­ді ды­быс шы­ға­рып жы­ла­са, на­ма­зы бұ­зы­ла­ды. Бі­рақ адам өз-өзі­не ие бо­ла ал­май жы­ла­са, ерік­сіз есі­не­ген­дей на­ма­зы бұ­зыл­майды. Аллаһ­тан қо­рық­қа­ны­нан не­ме­се жән­нат пен жа­һан­нам­ды ой­лап жылауы, есінеуі на­маз­ды бұз­байды. Құ­ран не­ме­се ха­дис­те­гі дұ­ға­лар­ды на­маз­да оқу на­маз­ды бұз­байды. Се­беп­сіз екі әріп бел­гі­лі бо­ла­тын­дай түш­кір­се, на­ма­зы бұ­зы­ла­ды. Бі­рақ ерік­сіз та­би­ғи түр­де түш­кі­ру – бұ­дан тыс нәр­се. На­маз­да бі­реу­дің сә­ле­мі­не тіл­мен жауап қайта­ру не­ме­се қол алы­сып, құ­шақ­та­сып аман­да­су на­маз­ды бұ­за­ды. На­маз­да тұр­ған адам­ға «Ал­ға жыл­жы», «сап тү­зе» се­кіл­ді сөз айты­лып, ол да осы­ны іс­ке асыр­са, на­ма­зы бұ­зы­ла­ды. Бұл – на­маз­да Аллаһ­тан бас­қа­сы­ның бұйры­ғы­на ба­ғы­ну. Бі­рақ өз­ді­гі­нен аз­дап жа­ны­на жыл­жып орын бе­руі на­маз­ды бұз­байды. Имам Ағ­зам бойын­ша, Құ­ран­ға қа­рап на­маз оқу – на­маз­ды бұ­за­ды. На­маз­да имам­ның қы­ра­ға­тын жа­ма­ға­ты тү­зе­се, на­маз бұ­зыл­майды. На­маз­да бір аят­ты оқы­ма­ға­нын на­маз­дан кейін ха­бар бер­ген са­ха­ба­ға Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.): «Ма­ған ес­кер­тке­нің­де ғой», – дейді208. Егер имам сол аят­ты оқи ал­май бас­қа аят­қа өт­кен­нен кейін, тү­зет­кен адам­ның на­ма­зы бұ­зы­ла­ды. Сол се­кіл­ді қы­ра­ға­тын сыр­ттан тү­зет­кен адам­ға ұйып, қы­ра­ға­тын тү­зет­кен имам­ның на­ма­зы бұ­зы­ла­ды.

2. Ішіп-жеу. На­маз­да мейлі әдейі, мейлі біл­мей бір нәр­се жеу, ішу на­маз­ды бұ­за­ды. Үл­кен бол­сын, кі­ші бол­сын бә­рі­бір. Тіс­тің ара­сын­да қал­ған но­қат дә­ні­нен үл­кен нәр­се­ні на­маз­да жұт­са, на­маз бұ­зы­ла­ды. Одан кі­ші бол­са, на­маз бұ­зыл­майды. Өйтке­ні, мұн­дай нәр­се­ден сақ бо­лу өте қиын. Ауыз­да ері­ген қант, ше­кер, т.б. нәр­се­лер­ді жұ­ту да на­маз­ды бұ­за­ды.

3.Қа­та­ры­нан бір­не­ше іс-әре­кет жасау. На­маз­да жа­сал­ған көп қи­мыл на­маз­ды бұ­за­ды. Аз іс-қи­мыл на­маз­ды бұз­байды. На­маз оқып тұр­ған адам­ның на­маз оқып, оқы­ма­ға­ны жайлы сыр­ттан қа­ра­ған адам­ға қү­мән кел­ті­ре­тін­дей жа­са­ған іс-әре­ке­ті – көп іс-қи­мыл бо­лып са­на­ла­ды. Олар мы­на­лар: Бір адам де­не­сін бір рет не­ме­се екі рет не­ме­се әр­бір рә­кат­тар­да бір рет, екі рет­тен қа­сы­са, на­ма­зы бұ­зыл­майды. Бі­рақ бір рә­кат­та қа­тар-қа­тар үш рет қа­сы­са, бұ­зы­ла­ды. Бір сауса­ғы­мен қо­лын қи­мыл­дат­пай бір­не­ше рет қа­сы­са, бір рет қа­сы­ған­ға жа­та­ды. На­маз­да се­беп­сіз қа­та­ры­нан тоқ­та­май үш қа­дам ба­су – на­маз­ды бұ­за­ды. На­маз­да бір қо­лы­мен ба­сы­нан сәл­де не­ме­се та­қия­сын алып жер­ге қоюы не­ме­се бұ­лар­ды жер­ден алып ба­сы­на киюі на­маз­ды бұз­байды. Бі­рақ бұл іс-әре­кет – көп іс-қи­мыл­ды біл­дір­се, на­маз­ды бұ­за­ды.

4.Құ­бы­ла­дан бұ­ры­лу. Се­беп­сіз на­маз­да кеуде­сі­мен құ­бы­ла­дан бас­қа жақ­қа бұ­рыл­са, на­ма­зы бұ­зы­ла­ды.

5.На­маз­да әу­рет же­рі­нің ашы­луы на­маз­ды бұ­за­ды. Ха­на­фи мәз­һа­бын­да әу­рет же­рі бол­ған мү­ше­нің төр­ттен бі­рі­нің ашы­луы на­маз­дың бұ­зы­луына же­тіп жа­тыр.

6.На­маз оқы­ған адам­ның дә­ре­ті­нің бұ­зы­луы. На­маз­да адам­ның мұр­ны қа­на­са не­ме­се аузы­на құ­сық ке­лу се­кіл­ді се­беп­тер­ге байла­ныс­ты ер­кі­нен тыс дә­ре­ті бұ­зыл­са, мұн­дай жағ­дайда адам­ның дә­ре­ті бұ­зыл­са да, на­ма­зы бұ­зыл­майды. Ол сөйле­мес­тен жә­не бас­қа бір әре­кет ет­пей тек дә­ре­тін қайта алып кел­ген жағ­дайда, на­ма­зын кел­ген жер­ден жал­ғас­ты­ра ала­ды. Бі­рақ на­ма­зын қайта ба­сы­нан оқы­са – аб­зал.

7.Дауыс­тап кү­лу. На­маз­да жа­нын­да­ғы адам ес­ти­тін­дей етіп кү­лу – на­маз­ды бұ­за­ды. Мұн­дай жағ­дайда адам­ның на­ма­зы да, дә­ре­ті де бұ­зы­ла­ды. Егер сәл кү­лім­сі­ре­се на­ма­зы бұ­зыл­майды. Бі­рақ кү­лім­сі­ре­ген уа­қыт­та өзі ес­ти­тін­дей ды­быс шы­ғар­са, на­ма­зы бұ­зы­ла­ды, бі­рақ дә­ре­ті бұ­зыл­майды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Кім­де-кім дауыс­тап күл­се, на­ма­зы мен дә­ре­тін қайта­ла­сын»,209– дейді.

8.Та­лып қа­лу, ес-түстен айрылу. Мұн­дай жағ­дай­лар­да адам­ның на­ма­зы бұ­зы­ла­ды.

9.На­маз ние­тін ауыс­ты­ру. Оқып жат­қан на­ма­зы­нан бас­қа на­маз­ға ниет ет­се, на­ма­зы бұ­зы­ла­ды.

  1. На­маз­дың бір па­ры­зын тас­тау. На­маз­дың ішін­де­гі бір па­ры­зын, сол на­маз­да қа­за ет­пес­тен тәрк ету на­маз­ды бұ­за­ды. На­маз­дың бір рә­ка­ты­ның сәж­де­сін тәрк етіп, мұ­ны сол на­маз­да қа­за ет­пей сә­лем бе­ру се­кіл­ді.
  2. На­маз оқы­ған ер адам­ның ара­сын­да бір адам сыя­тын­дай орын бол­май не­ме­се пер­де, дуал, т.б. бө­лін­бей әйел­мен бір сап­та на­маз оқуы – на­маз­ды бұ­за­тын нәр­се. Ха­на­фи мәз­һа­бын­да әйел адам ер кі­сі­лер­дің ара­сын­да бір сап­та на­маз оқы­са, әйел­дің екі жа­нын­да­ғы екі ер­кек­тің жә­не дәл ар­тын­да­ғы бір ер­кек­тің на­ма­зы бұ­зы­ла­ды. На­маз­дың бұ­зы­луы на­маз­да­ғы па­рыз са­нал­ған сап ре­ті­нің тәрк еті­луіне байла­ныс­ты.
  3. Тәйәм­мүм­мен на­маз оқы­ған адам­ның су көруі. Тәйәм­мүм­мен на­маз оқы­ған адам, пайда­ла­ну­ға ша­ма­сы ке­ле­тін су­ды көр­се, на­ма­зы бұ­зы­ла­ды. Мы­са­лы, на­маз­да тоқ­тап қал­ған су­дың ке­луі се­кіл­ді. Бі­рақ Ха­на­фи­да, тә­шәһ­һүд­та отыр­ған­нан кейін су­дың та­бы­луы на­маз­ды бұз­байды. Өйтке­ні, бұл кез­де на­маз аяқ­тал­ған.
  4. На­маз біт­пей жа­тып сә­лем бе­ру. Төрт рә­кат­тан тұ­ра­тын на­маз­ды ұмы­тып, екі рә­кат са­нап, бі­рін­ші оты­рыс­тың со­ңын­да сә­лем бер­ген адам­ның на­ма­зы бұ­зы­ла­ды. Бі­рақ төрт рә­кат еке­нін бі­ліп, қа­те­ле­сіп бі­рін­ші оты­рыс­тан кейін сә­лем бер­се, на­ма­зы бұ­зыл­майды. Сә­лем­нен кейін көп іс-қи­мыл жа­са­ма­са не­ме­се сөйле­ме­се, қайта­дан тұ­рып на­ма­зы­ның қал­ған бө­лі­мін орын­дайды. Ке­шік­тір­ге­ні үшін сә­һу сәж­де­сі жа­са­ла­ды210.
  5. Па­рыз, уә­жіп на­маз­да­ры­ның уақы­ты шық­қан­да.

Мә­сі­ге тар­тыл­ған мә­сіх уақы­ты­ның аяқ­та­луы.



207 әш-Шәукани, II, 314

208 А.б. Ханбәл, IV, 74.

209 Дөндерен, 281.

210 Білмен, 222-227; Дөндерен, 274-286.

0 пікір