2018 жылдың негізгі 4 ғылыми жаңалығы
2018 жылдың негізгі 4 ғылыми жаңалығы
5 жыл бұрын 2501 baribar.kz

Ірі ғылыми оқиғалар, негізінен, астрономия, археология, биология және физика салаларында болған. Science журналы 2018 жылдың басты ғылыми жаңалықтарының тізімін жария етті.

1. Гренландияда астероидтың құлауынан пайда болған кратердің табылуы. Кратердің көлемі Вашингтон мен Колумбия округінің аумағына тең. Диаметрі – 31 шақырым. Бұл – планетадағы ең ірі 25 кратердің бірі. Астероидтің Жерге қашан құлағаны белгісіз. Ғалымдардың есебінше, ол не шамамен 11 700 жыл бұрын, не 2,6 миллион жылдан астам уақыт бұрын пайда болған.

2. 50 мың жыл бұрын өмір сүрген әйелдің қаңқа қалдықтарынан ДНҚ-ның анықталуы. Қаңқа 2012 жылы Сібірден табылған. Биыл одан анықталған ДНҚ үлгісі әйелдің шешесі неандертал, әкесі денистік екенін, яғни архаика адамының жойылып кеткен екі тобы арасында байланыс барын көрсетті.

3. РНҚ молекуласының бастапқы құрылымын анықтаудың жаңа әдісі. Енді бұл процесті жасуша деңгейінде бақылауға болады. Ғалымдардың айтуынша, осы технология келешекте эмбриондардың жекелеген жасушаларының дамуын қадағалауға мүмкіндік бермек.

4. 40 жыл бұрын болған кісі өлтіру қылмыстарының ашылуы. Сәуір айында АҚШ полициясы 70-80-жылдары Калифорнияда бірінен соң бірі болған зорлау және кісі өлтіру қылмыстарын жасады деген күдікпен бір адамның тұтқынға алынғанын хабарлады. Қылмыс орнынан табылған ДНҚ мәліметін ДНҚ мәліметтерінің жалпы базасына енгізген кезде полиция қылмыскердің қандай туыстары бар екенін білді. Дәл осы әдіспен 20-дан астам іс ашылған.

2018 жылдың ең маңызды ғылыми оқиғаларының қатарына аса жоғары энергиялар нейтриносы көзінің анықталуы, тарихта тұңғыш рет генді “өшіріп” тастай алатын дәрінің мақұлдануы, Жер бетіндегі ең алғашқы жануарлардың бірінің қаңқасының белгілі болуы және басқа жетістіктер еніп отыр.

0 пікір