Адам өлген соң ағзасында болатын 13 өзгеріс
Адам өлген соң ағзасында болатын 13 өзгеріс
6 жыл бұрын 35156 azan.kz

«Ол [Алла] тірілтеді және өлтіреді әрі (өлгеннен соң) Оған қайтасыңдар» («Юнус» сүресі, 10: 56).

 

Өлім – тірі ағзаға қажетті барлық биологиялық процестердің тоқтауы. Адам өлгеннен кейін оның денесі шіри бастайды.
 
Қазіргі кезде биологтар өлімді бір сәтте орын алатын жағдай емес, процесс ретінде қарастырады. Бұрын өлімнің белгілері болып саналған нәрселерді (мәселен, жүректің тоқтауы, яғни, клиникалық өлім) кері қайтаруға болады.
 
Ғылымның осы процестің қай жерінде өмір бітіп, өлім басталатынын анықтауы көптеген факторларға байланысты, тіршілікке қажетті белгілердің болу-болмауына ғана емес.
 
Жалпы алғанда, біреуді өлді деп нақ шешім қабылдауға клиникалық өлім жеткіліксіз. Дәрігерлер науқастың жүрегі мен өкпесі жұмыс істеп тұрып, бірақ, миы өлсе, ол адамды заңды түрде өлді деп жариялай алады.

Өлімге қарсы тұру мүмкін емес екендігін мынадан түсінуге болады: тірі ағза өмірдегі сан түрлі қиындықтарға (аштық пен судың жоқтығы, ыстық пен суық, шаршау, үлкен ауыртпалықтар мен күйзеліс) төтеп бере алады, алайда, ақыр соңында ол қартайып өледі.
 
Өсімдіктер мен жануарлардың жасушалары табиғи тіршілік барысында қайта қалпына келіп, қызмет жасауға қабілетті болады. Алайда, белгілі бір кезеңде қартаю процесі басталады. Соның нәтижесінде жасушалардың белсенділігі нашарлап, табиғи тіршілікке қажетті процестер бұзылады.
 
Жасушалардың қартаюы дегеніміз – метаболикалық реакциялар тоқтамаса да, тіршілікке қабілеттілік жойылмаса да, тірі жасушалар өмір сүруге бейімділігінен табиғи түрде айрылады.
 
Биологиялық тіршілік кезінде сырттай қауіп-қатерге тап болатын жан-жануарлардың барлығы дерлік ақыр соңында биологиялық қартаюдан өледі. Ол өмір жайлы ғылымда кәрілік деп аталады.
 
Жыл бойы күн сайын 150 мыңға жуық адам әр түрлі себептермен бақилық болып жатады. Солардың үштен екі бөлігі тікелей немесе жанама түрде кәріліктен көз жұмады. Ғылыми білім мен медицина ілгерілеген сайын өлімге нақты медициналық анықтама беру қиындай түсуде.
 
Төменде өлімнен кейін біздің ағзамыздың қандай күй кешетіндігі берілген:

1. Мидың белсенділігі күрт артып, содан соң ол өледі.
 
2. Дененің температурасы сағатына 1.6 градусқа төмендеп, ақыр соңында бөлме температурасына жетеді.
 
3. Дене жасушалары оттегінің жеткіліксіздігінен өле бастайды, содан соң ыдырайды. Шіру процесі басталады.
 
4. Бұлшық еттерге кальций жиналып, ширықтырады. Мұндай ширығу шамамен 36 сағатқа созылады.
 
5. Кенеттен бұлшық еттер босаңсып, денеден несеп немесе нәжіс қалдықтары шығады.
 
6. Денедегі тері құрғап, жиырылады да, содан шаш пен тырнақ өсіп жатқандай көрінеді.
 
7. Гравитация (жер тартылысы) адамның қанын төменге тартады. Содан денедегі тері бозарып, қызғылт дақтар пайда болады.

8. Содан соң тері жасыл реңді болады. Себебі, ас қорытатын органдардағы ферменттер бактериялардың көмегімен өз-өздерін қорыта бастайды.
 
9. Адамның денесінен жаман иіс шығады. Өйткені, шіріп жатқан ағза путресцин және кадаверин сияқты химиялық заттарды бөліп шығарады.
 
10. Денені жәндіктер жей бастайды. Дернәсілдер бір аптаның ішінде денедегі ұлпалардың 60 пайызын жоя алады.
 
11. Дененің терісі өңсізденеді, содан соң қараяды, себебі, бактериялар денені үздіксіз құртумен болады.
 
12. Шаш түсе бастайды.
 
13. Адамның денесінің айналасындағы температура ең кем дегенде 10 градус жылы болса, шамамен төрт айдың ішінде дененің жұмсақ ұлпаларының ыдырайтындығы соншалық, адамның тек қаңқасы ғана қалады.

0 пікір