Ағылшын ғалымы тамақты қолмен жеудің артықшылығын анықтады, ал бұл сүннетте бар әдет
Ағылшын ғалымы тамақты қолмен жеудің артықшылығын анықтады, ал бұл сүннетте бар әдет
1 жыл бұрын 6721

«Тамақты қолмен жеу – тамақтың текстурасы мен дәмін жақсартады» - дейді Оксфорд университетінің профессоры Чарльз Спенс (Ұлыбритания). Психологтың айтуынша, ас құралдарынан бас тартудың денсаулыққа бірқатар пайдасы бар.

"Қолмен жейтін болсақ, не жеп жатқанымыз туралы көбірек мән беруге әрі ойлануға және ас ішуден алатын әсерді жақсартуға көмектеседі. Ал шаңышқы болса оған кедергі жасап, сізді сезімдеріңізден алшақтатады»,

- деп түсіндірді профессор. 

Сауалнаманың нәтижесінде британдықтардың төрттен бір бөлігі қолмен жеу үшін пышақ, шаңышқы және қасықтан бас тартқысы келетіндіктері белгілі болған. Зерттеуге қатысқан 2500 адамның 19%-ы қолмен тамақ ішкенде өздерін еркін сезінетінін айтса, қатысушылардың әрбір оныншысы қолмен жеудің тағамның дәмін одан сайын жақсартатынын айтқан. (The Daily Mail).

Исламда тамақты қолмен жеу - сүннет!

Ислам дінінің ас ішу мәдениетінде тамақты қолмен жеу – сүннет амал болып саналады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) тамақты қолмен жейтін және үш саусақпен жейтін болған. Исламда тамақты қолмен жеу (үш саусақпен жеу) тамаққа береке кіргізіп, тамақтың тәттілігін көбірек сезуге көмекші, әрі ішкен асының бойға сіңімді болуына септігін тигізер тәсіл. Ертеректе христиан европасында тамақты шаңышқы, қасықпен жесе, мұсылмандар «сүннет» деп қолмен жейтін. Кейіннен уақыт өте келе бұл сүннет ұмыт қалып, бүгінде жаппай мұсылмандар қасық пен шаңышқыға көшкен.

Біздің қазақ дәстүрінде де тамақты қолмен жеу әдеті мұндаға дейін сақталып келді. Әсіресе, қамыр тамақ (бешбармақ) және палау сияқты тағамдарды қолмен жеу көп өңірде соңғы он жылға дейін жалғасын тауып келген. Енді міне, қолмен жеудің артықшылығын анықтаған ағылшын елінде қасық-шаңышқы қолдану салтынан бас тартуға дайын. 

Дайындаған Абдусамат Қасым

0 пікір