Маса - Алланың құдіретінің жаршысы (өлең)
Маса - Алланың құдіретінің жаршысы (өлең)
1 жыл бұрын 3833
Қарлығаш Дәулетиярқызы

Зер салсам айналама, мақлұқатқа,

Апарады бәрі дөп Хақиқатқа!

Алланың Өзі мысал еткен маса -

Хақ нәрседен жаршы боп тұрған жоқ па?

 

Салмағы тозаңнан да жеңіл тартар,

Алайда құрылысына көңіл аудар,

100 көзі, 48 тістері бар -

Ойласаң миға сыймай, есің танар.

 

Ары қарай зер салсаң пішіміне,

3 жүрек, 6 асқазан - іші міне!

Тағы да қасиеті бар бұл шіркейдің,

Қараңғыда сезетін кісіні де

 

Тұмсығында кескіштің нешесі бар,

Қандарды талғайтын да мүшесі бар.

Адамның қою қанын сұйылтатын,

Бойында сұйықтықтың есесі бар.

 

Тағы да қасиеттері бар қаншама,

Бір грамның мыңнан бірін құраса да!

Сондай титтей тозаңдай мақұлықтың,

Құранда аталуы - сыр мұншама...

 

Мүміндер ойланады, зерттеп көрер,

Раббысынан келген ол хақ деп білер.

Ал кәпірлер сұрақтар жаудырады -

Бірі адасып, ал бірі жөнге келер.

 

Бұл мысал Алла үшін емес ұят -

Бұл тәмсілден мұсылман иман жияд. 

Ал азғын күнәһарлар одан сайын,

Адасып, түзу болған жолдан таяд. 

 

0 пікір