Бес уақыт намаздың тағы бір пайдасы ғылыммен дәлелденді
Бес уақыт намаздың тағы бір пайдасы ғылыммен дәлелденді
4 ай бұрын 6435
islam.kz

Медицина ғылымдарының докторы Б.С. Алекринскийдің келтірген дерегі бойынша, адам ағзасының 400-ден астам қызметі биологиялық сағатқа бағынады екен. Тәулік ішінде биоритмдердің 50 шағын және 5 үлкен кезеңі ауысып, өзгеріп отырады. Биоритмдердің бес үлкен кезеңінің өзгеруі - күн жүйесінің планеталарының орналасуымен байланысты. 

Бір қызығы, осы бес үлкен уақыттың ауысып отыру уақыты - мұсылмандардың күнделікті бес уақыт намазының уақытына сәйкес келеді екен. Биоритмдердің осы бес кезеңінің ауысуының алғашқы сатысында БАТ ашылады. Осы күйде олар 15 минут бойы қалады. Он бес минуттан кейін олар бірте-бірте жабыла бастайды, оның толық жабылу процесі екі сағатқа созылады. Бұл болса, намаз уақыттары арасындағы үзіліс уақытпен шамалас.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кез келген мұсылман парыз намазының уақыты келгенде, жақсылап дәрет алса және шын ықыласпен рүкүғ жасаса, оның (үлкен күнәларынан өзге) (кіші) күнәлары өшіріледі. Бұл әр намаз оқыған сайын осылай» (Имам Муслим 1/206 N 2,4,7)1. 

Сондай-ақ, тәуліктің әртүрлі уақыттарында орындалып отыратын намаз кезінде жасалған қимылдар жүректің шаршауын басады және адамның тұрақты түрде сергек болып жүруіне ықпал етеді.

Бұнымен қатар, бес уақыт намаз уақыттары - қан айналымының жаңару уақытына және адамның тыныс алуының жандану уақытына да сәйкес.  Күніне сексен рет басын жерге еңкейтетін адамның миына қан қалыпты түрде келіп тұрады. Сондықтан да, бес уақыт намаз оқудың арқасында, адамның ми жасушалары жақсы қоректенетіндіктен намаз оқушылардың арасында есте сақтау қабілетінің нашарлағандары сирек кездеседі. 

Және де үнемі төмен иіліп, қайта тұрудың арқасында намаз оқитындардың көзінде қан айналымы белсендірек болады. Сондықтан көздегі қысым қалыпқа түсіп, көздің алдынғы бөлігіндегі ылғалдың тұрақты алмасуы қамтамасыз етіледі. Бұл болса, «катаракта» сияқты әртүрлі көз аруларына шалдығудың алдын алады2. 

Демек, пендесіне тек жақсылық қалайтын мейірбан Жаратушымыздың біз үшін бұйырған «намаз оқу» ғибадатының тек рухани пайдасы ғана емес, денемізге де берер пайдасы орасан зор екен. Ендеше, Алланың бұйрығы бес уақыт намазды оқуға асығыңыз. Намаз - бұ дүниеде саулық, о дүниеде пейіш. Әрине, намаз оқудағы басты ниет - Алла ризалығы болуы тиіс. Алла үшін оқыған кезде, екі дүниеде де пайдасын көреді екенбіз. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1  islam ru
2  shayantv ru

0 пікір