120 жастағы қариядан мұнша ұзақ жасауының себебін сұрапты, сонда ол үш себеп айтыпты
120 жастағы қариядан мұнша ұзақ жасауының себебін сұрапты, сонда ол үш себеп айтыпты
4 ай бұрын 2656
(Хәкімдердің сөздерінен)

Баяғыда жасы 120 жастан асқан, бірақ әлі тың ақсақалдан мұнша ұзақ жасауының және күш-қуатын жоғалтпауының себебін сұрапты бір жас жігіт.

Сонда ақсақал оған:

- Менің күш-қуатымның үш себебі бар:

  • Біріншісі - ертеңгі күнім үшін уайым жемеймін (тек иманымды уайымдаймын).
  • Екіншісі - ешкімге кек сақтамаймын (кешірімдімін).
  • Үшіншісі - бір нәрсе болса, өзімді жегідей жемеймін, - деген екен. 

- Ақсақал, маған қандай ақыл айтар едіңіз? - депті жігіт. 

Сонда ақсақал оған:

- Білмейтін нәрсеңді әңгіме қылушы болма,кейін білетің нәрсеңді айтқанда сынға қаласың», - деп ақыл айтыпты. Әрі қарай сөзін жалғап:

- Рақмет айту үш деңгейлі:

  • Өзіңнен жоғарыға бағыну.
  • Өзіңмен теңіңді сыйлау.
  • Өзіңнен төменді құрметтеу, - дей келе үлкеннің (ата-анаңның) тілін ал, досыңды сыйла, өзіңнен кішіні құрметте дегенді ұқтырыпты. "Үлкеннің тілін ал" деген сөз Жаратушы Алла Тағалаға бағынуды да ішіне қамтиды. Жаратушы Иемізге шүкір етіп, рақмет айтудың ең төте жолы - Оның бұйырғанын істеп, тыйғанынан тыйылу болып табылады.

islam.kz

 

0 пікір