Эйнштейн Жаратушы жайында не деді?
Эйнштейн Жаратушы жайында не деді?
9 жыл бұрын 15355
Шынар Тұрлыбекқызы

Көзі қарақты оқырманға Эйнштейн есімі сонау мектеп қабырғасынан бері таныс. Адамзат әлемін дүр сілкіндірген атом бомбасы да Альберттің атымен байланысты. Ол ғылымның қашанда діннен тыс дами алмайтындығын айта келе, мынандай тоқтамға келген: «Бойында мықты сенімі жоқ адамнан мықты ғалымның шығуы мүмкін емес. Өйткені, құдайсыз ғылымға сенуге болмайды» (Einstein, Science, Philosophy and Religion. A Symposium, 1941.ch 13).

Шексіз әлем мен бізді қоршаған табиғаттың өздігінен пайда болмағанына, яғни оны Құдіретті Ақыл Иесі жаратқанына кәміл сенген. Осы ретте ғалымның «Құдайсыз ғылым ақсайды» (Einstein, Science, Philosophy and Religion. A Symposium, 1942. Ch 13деген сөзі оның ғылым мен дінді қашанда ажырағысыз түсінгендігін көрсетеді.

Сондай-ақ, Эйнштейн: «Табиғатты танып, білуге талпынған әрбір адамда дінге деген құрметі оянуы қажет» дегенді алға тартқан (1920. Queted in Moskowski, Conservations with Einstein, s 46).

Өйткені, ол тағы бір сөзінде: «Ғылыммен шындап айналысқан әрбір адам табиғат заңында адамзат әлемінен анағұрлым биік тұратын бір күштің бар екендігіне көз жеткізеді. Сондықтан да ғылыммен айналысу адамды дінге бет бұрғызары сөзсіз» дейді (Letter to a child who asked scientist pray, January 26, 1993. Einstein Arсhive. 42-601).

Осылайша ғалым дін мен ғылымның қатынасы, табиғат пен әлемнің жаратылысы туралы ойларын жинақтай келе, мынандай қорытындыға келеді: «Ғылыммен айналысқан адамда діни сезім жоғалған сәттен бастап, ғылым ғылым емес, шабытсыз жасалған тәжірибеге айналады» (Letter to Mourise Solovine, I January 1, 1951. Einstein Archive 21-174, 80-871, published in letters Solovine, p. 119).

0 пікір