Ұлағатты Мұстафа!
Ұлағатты Мұстафа!
9 жыл бұрын 2977
Ерлан Садуақасұлы

Қаншама ғасыр арада өтті беймәлім!

Жер күнге қарап жасауда сансыз айналым!

Тiршiлiк, Әлем Жаратқан Хаққа зiкiр қып,

Хақ заңыменен түзеуде бәрi бойларын!

 

Жаралған ғалам мыңдаған сансыз тiршiлiк!

Амалына сай Аллаға еткен құлшылық!

Барi де Сенiң Кұрметiңе жаралып,

Әлемге жасап Ардақты Ұлы елшiлік!

 

Жаралған Кәусар, Қасиетті Құраным!

Сый етер жанға Ақиқат Нұрдың шуағын!

Сен үшін бәрін Жаратқан Хаққа мың мадақ,

Бабалар айтқан «Аллаһу Әкбар» ұраным!

 

Мерзімі бітіп уақыттар өтті-ау мыңдаған!

Бәріне куә, себепкер болған бұл ғалам!

Барша әлемге Иманның Нұрын паш еткен,

Адамзат қарыз Өзіңдей Дара тұлғадан!

 

Құрметтеп өттің Тәңірдің мүмін пендесін!

Тек Өзің көрдің Миғражда Хақтың пердесін!

Жаратқан Алла баршаға беріп ар иман

Әз Пайғамбарым үмметің азап көрмесін!

 

Дінсіздерге де жасадың шексіз кешірім!

Кек сақтамадың ешбіріне де өшігіп!

Ұрпағың арнап салауатпенен дұғасын,

Күн санап, Сенің, жаңғыруда Ұлы Есімің!

 

Жанға рух берер – Пайғамбар сөзі - өнегем!

Хадистiк сөздер ақиқат шыңға жол бастар!

Сақталған өшпей мұсылмандарда көнеден,

Мұстафа сөзін Ұлықтайық жолдастар!

0 пікір