"Иман - жалаңаш. Киімі - тақуалық"
"Иман - жалаңаш. Киімі - тақуалық"
1 жыл бұрын 3443

Сахаба Әбу Дәрда радияллаһу анһудан жеткен бір риуаятта былай делінген:

 "الايمان عريان لباسه التقوى وزينته الحياء وسترته العلم"

«Иман – жалаңаш. Оның киімі – тақуалық, ажары – ұят, ал жемісі – ғылым». 

(әл-Хәким: «Тәриху Нисабури».
Әлсіз хадис).



Кімде тақуалық болмаса, иманы жалаңаш болады. Кімде ұят болмаса, иманының көркі болмайды. Ал кімнің ілімі болмаса, иманының жемісі болмайды. Егеряки, пасықтық, зұлымдық және білімсіздік сипаттары бір адамның бойынан табылса, оның халі мұнафиқтың халіне жақынырақ. Бірақ мүмін атауынан шығарылмайды, дегенмен иманы киімсіз, жалаңаш, қолданыссыз жатқан зат сықылды болмақ.

islam.kz

     

0 пікір