Иман жөнінен жүректің түрлері
Иман жөнінен жүректің түрлері
7 ай бұрын 1741

Имам Ғазали (рахимаһуллаһ) өзінің еңбектерінің бірінде мынадай бір риуаят келтіреді. Ол риуаятта жүректегі иманның деңгейіне қарай жүректің түрлері айтылған. Сахаба Хузайфа радияллаһу анһудан жеткен бұл мәліметте былай делінеді: 

Жүректер төрт түрлі:

    • Құлыпталынған жүрек. Бұл - кәпірдің жүрегі. (Кәпір - Аллаға және Мұхаммед пайғамбарға сенбейтін адам).
    • Темірмен қапталған жүрек. Бұл - екі жүзді мұнафиқтың жүрегі (іштей кәпір, сырт көзге мұсылман).
    • Таза, ішінде шырақ жарқыраған жүрек. Бұл - мүмин-мұсылманның жүрегі.
    • Ішінде иман да, екіжүзділік те бар жүрек. Ішіндегі иманның мысалы - таза сумен суғарылып, жайқалып тұрған ағаш іспетті, ішіндегі екі жүзділіктің мысалы - қан және ірің аралас жара іспетті. Мұндай жүректе қайсысы үстем болса, соған қарай адамы (яғни, егер иманы үстем болса, мүмин, ал екі жүзділігі үстем келсе, екі жүзді)1.

1  Әбу Нуъайм: «әл-Хилья»; Имам Ғазали: «Қауаъидуль Ақаид». 276 бет.

0 пікір