Ислам сізді 10 түрлі дерттен қорғайды
Ислам сізді 10 түрлі дерттен қорғайды
7 жыл бұрын 6676 islam.com.ua
Аударған Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Әлемдік медицина барлық аурулардың дауасын іздеп жатқанда-ақ адамзатқа сыйлаған Алланың нұрлы жолы Ислам адамдарға әлдеқашан қауіпті аурулардан өздерін қорғауға мүмкіндік берген. Рамазан айындағы ораза, күнделікті  бес уақыт намаз, салауатты тамақ, халал азық-түлік,  артық астан тартыну, барлығы дерлік адамның туылғаннан бастап, денсаулығын сақтауына тиімді ықпал  жасайды.

 

1. Жүрек қан тамыр аурулары

Қазіргі заман ғалымдары бес уақыт намаздың пайдасын жүгірумен немесе жаяу жүрістің пайдасымен теңестіреді. Намаз уақытында адам кешенді қозғалыс жасайды, осының нәтижесінде қан айналымы жақсарып, тұтастай ағзада  зат алмасу  процестері  жүргізіледі. Намаз оқу барысында мидағы  қан ағыны артып, қан оттегімен қанығады. Тіпті дәрет алған кезде адамның ішкі органдарының қызметіне байланысты денедегі нақты нүктелерге әсер етеді.  Мұсылман намаз кезінде рухани үйлесім мен жан тыныштығына, стресс пен қорқынышты басуға қол жеткізеді әрі инфаркт пен басқа да жүрек қан тамырлары ауруларының алдын алады.

 

2. Қант диабеті

"Осыдан бірнеше жыл бұрын медицина мәселелері бойынша өткізілген конференцияда менің мәскеулік әріптесім Англия мұсылмандары туралы статистиканы алып келді, - деді эндокринолог, медицина ғылымдарының кандидаты Ринат Ғалымов. - Басқа елдермен салыстырғанда Ұлыбритания тұрғындарының денсаулығын зерттеу барысында тек жынысы мен  жасына, қызметіне ғана емес, сонымен қатар діни құндылығы да ескерілді. Мәселен, олардың деректеріне сәйкес, мұсылмандар арасында диабетпен сырқаттанушылық он есе кем кездесті. Әріптестер бұл қатынастың мұсылман емес халықтар арасында 500 жағдайда орын алса, мұсылмандар арасында тек 1-2 жағдайларда орын алатынын мәлімдеді".

Бұл құбылыстың басты себебі-мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында ораза тұтуы болып табылады. АҚШ,  Мюредегі  кардиология институтының ғалымдары мерзімді ораза диабетті болдырмауға көмектеседі деп анықтады. Олар ораза кезінде май жасушаларындағы зиянды холестерин энергияға айналады деп тапты. 10-12 сағаттан кейін адам денесіндегі аштық альтернативті көздерден алынатын энергияны тұтына бастайды. Бәрінен бұрын май жасушалары диабет тудыруы мүмкін инсулинге қарсылықты нығайтуға ықпал жасайды. АҚШ ғалымдары май жасушаларының  бұзылуы қант диабеті қаупін азайтатынын анықтады.

 

3. Өкпе ауруы, өкпе рагы

Ислам темекіге тыйым салады. Алланың сөзі Құранда былай делінген: "Өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер!" (Ниса, 29).

Никотин және басқа да темекі түтіні қамтылған тіндік улар (нейротоксиндер), жасушаларға сіңісіп, созылмалы қабыну аурулары мен қатерлі ісік тудырады. 10 өкпе ісігінің 9-ы  шылым шегу жағдайларынан  кейін орын алады. Планетада жыл сайын темекі шегуден 5 миллионнан астам адам қайтыс болады.

 

4. Маскүнемдік, нашақорлық

Тіпті 1910 жылы бүкілресейлік конгресте 150 медицина ғалымдары  маскүнемдікке қарсы күрес бойынша  арнайы шешім шығарды: "Алкоголь - барлық мөлшерде адамға үлкен зиян туғызып, денені уландыратын әрі орта есеппен 20 жыл адамның өмірін қысқартатын у". 1975 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) алкогольді  "Қоғамдық денсаулық сақтауға нұқсан келтіретін есірткі" деп таныды.

КСРО Ғылым академиясының академигі, Ленин сыйлығының лауреаты,  Федор Углов  алкогольдің  жойқын әсері туралы шынайы фактілерді  келтіреді: "...Спирттік  ішімдіктерді әрбір ішкен сайын ми қыртысының жүйке жасушалары қайтадан қалпына келмейтіні белгілі. Неғұрлым көбірек уланған сайын мидың қызметі бұзылады".

Дүниежүзілік статистика бойынша әлемде  алкогольден  2,5 миллионнан астам адам қаза табады. Планетада алкогольдің кесірінен барлық қылмыстардың жартысына жуығы жасалады. Әлемде суицид, кісі өлтіру,  жазатайым оқиғалар, зорлық-зомбылық, зорлау, кек , жұмыстағы жарақаттың барлығы алкогольді көп  тұтынуға байланысты  туындайтын қасіреттер. Қасиетті Құранда Алла  Тағала ішімдіктің зияны туралы мұсылмандарға былайша ескертеді: "Әй, мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар(бұттар) және бал ашатын оқтар, лас шайтанның істерінен.  Одан сақтаныңдар, құтыласыңдар" (Ниса, 90).

 

5. Тері аурулары

1996 жылы жарық көрген "Ислам дәстүрі мен татар халқының денсаулығына мысал" кітабында Алмаз Сабиров мұсылмандар арасында тері аурулары сирек кездесетініне мысалдар келтіреді.

1889-1898 жылдары  Қазан университетінің  тері және венерологиялық аурулар клиникасының есебіне сәйкес қышымамен  науқастанатындар саны 349 болса,  соның 81-і  ғана татарлар болды. Мұның барлығын дәрігерлер мұсылмандардың гигиена ережелерін сақтауынан деп зерделеді: олар кем дегенде күніне бес рет дәрет алады,  беті, қолдарын, аяғын жуады, аузын және мұрын қуысынын шаяды т.б.  Осыған орай автор Капитон Мильковичтің  жазғанын мысалға келтіреді: "Әл-Құран оларды тазалық сақтауға үйретеді. Олар күн сайын бірнеше рет жуыну қажет".

 

6. Жыныстық жолмен берiлетiн аурулар

Құранда зинаға  тыйым салынған аяттар бар. Осылайша, Ислам ретсіз жыныстық қарым-қатынастарды - жыныстық жолмен берілетін аурулардың таралуының басты себебі деп біледі.

"Ислам азған өмір мен жезөкшелікке тыйым салады.Татарларда қыздардың арсыздығы мен өз күйеуінен басқа бөгде еркектермен жақындық  нағыз өшпейтін масқаралық ретінде қарастырылды. Бұл- "жұқпалы жыныс аурулардың таралуының алдын алды", - деп  жазады өз кітабында Алмаз Сабиров.

 

7. Сүт безінің қатерлі ісігі

Қазір  Еуропа елдерінде  сүт безі қатерлі ісігінің 100 мың әйелдің ішінде 50-70 адамда кездеседі. Халықтың көпшілігі мұсылман болған  елдерде бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен. Мысалы, Өзбекстанда - 100 000 әйелдердің ішінде 18 оқиға көрініс табады екен.  Аталмыш мәліметтерді muslima.ru. сайты дәйектейді. Аталған дерт  көптеген түсік жасатқан, босанбаған және  баласын сүтінен ерте суалтқан әйелдерде жиірек кездеседі. Кім де кім шариғат ережесін ұстанса, бұл қорқынышты аурудан қорғалады. Исламда  мұсылман  ешқашан жүктілікті  тоқтатпайды,  түсікке қатаң тыйым салынады. Керісінше, ислам діні мұсылман отбасында балалардың  дүниеге келуін мақұлдайды әрі   Алла Елшісінің (с.а.у.) қиямет күні басқа үмметтің алдында мақтан тұтатынын айтқан.  Осы орайда Құран  үкімі бойынша баланы кем дегенде екі жыл емізуі керектігі баяндалады. "Емізуді тәмамдағысы келген кісі үшін аналар балаларын  толық екі жыл емізеді" (Бақара, 233).

Еуропалық ғалымдардың  зерттеуі бойынша 7 айдан 12 айға дейін балаларын емізетін әйелдердің арасында сүт безінің обыры 14%  аз кездесетінін көрсетті. Ал 2 жылға дейін сүтімен қоректендіретін әйелдерде  42%-ға төмендейді.

 

8. Әйелдердің жыныс органдарының зақымдануы

Исламда жеке гигиенаға жіті көңіл бөлінеді. Дене тазалығы - Жаратқанға жақын болудың басты  шарттарының бірі, тазалықты сақтамай, Аллаға жақындау мүмкін емес.  Ислам ерлі-зайыптыларға  жыныстық  қатынас  кезінде сақталуы тиіс ережелерді  үйретеді. "Исламда  жыныстық қатынасқа дейін және одан  кейін  жуынуы қажет, -деп түсіндіреді  Ринат Ғалымов. - Бұл түрлі жұқпалы аурулардың қауіпін азайтады. Сондай-ақ мұсылман отбасында әйелдер безі және жатыр мойны эрозиясының аз кездесетіні көрсетілген. Статистика ең алдымен,  ісік отбасында күйеуі сүндетке  отырмаған  отбасыларда орын алатынын мәлімдейді. Жақындық кезінде түзілетін сұйықтық зат бірнеше сағат ішінде зиянды канцерогенді затқа айналады. Егер адам сүндетке отырмаған болса,  осы зат жинақталады да  қайталама жыныстық жақындық кезінде әйелдің жыныстық органдарына  енеді. Сол үшін қатынасқа дейін және кейін жуынуды, сондай-ақ  толық жуыну /ғұсыл/ талап етіледі, ал бұл айтарлықтай жатыр мойны қатерлі ісігінің қауіпін азайтады".

 

9. Асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, семіздік азабы

Құрандағы түрлі сүрелер мен  хадистер негізінде  мұсылманның  тамақтануының екі принциптері қамтылады: ол адал ас жеп, қалыпты мөлшерде тұтыну. "Әй, мүміндер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер"(Бақара, 173).

Асты қалыпты мөлшерден артық тұтынудан семіздік пен қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, инфаркт және инсульт сияқты басқа да аурулар  туындайды.  Бұл бағытта Ислам адамға асты қалыпты мөлшерде жеуді үйретеді: "Біз сендерге берген таза ризықтан жеңдер. Мұнда шектен шықпаңдар" (Таһа, 81).

Сіз Исламнан тыйым салулар мен стрессіз әмбебап диеталарды таба аласыз. Бұл мәселе Алла Елшісінің (с.а.у.) ғұмыршаң хадистерінде өрнектеледі: "Адам баласы асқазанын үш бөлікке бөлсін: біріншісі-тамаққа, екіншісі-суға және соңғы бөлігін ауаға/дем алуға/ қалдырсын" (Тирмизи 2381, Ибн Мәджа).

 

10. Невроз және өзге де психикалық  ауытқулар

Мұсылман күніне кем дегенде бес уақыт намаз оқу кезінде жан әлемі  дүниелік істерден  ажырап, рухани демалады,  жаны мен ақылымен құдіреті шексіз Ұлы Жаратушыға  бойұсынып, жақындай түседі. Тыныштық пен демалыс  жүйке жүйесінің жұмысына  тиімді әсер етеді. Намаз стресс және депрессияны жеңуге жәрдемдесіп,  невроздың алдын  алады әрі  ұйқыны жақсартады.

0 пікір