Маса жайында не білесіз?
Маса жайында не білесіз?
11 ай бұрын 4301
«Расында Алла Тағала масаны және одан да зорғысын мысал келтіруден ұялмайды...»  
"Бақара" сүресі, 26 аят.

Қазіргі ғылымның анықтағаныдай, масаның басында 100 көз, аузында 48 тіс, кеудесінде 3 жүрек және тұмсығында әрбірінің өзіндік атқарар қызметі бар 6 пышақ бар ұқсайды. Әр екі бүйірінде үш-үш қаннаттан.

Бұған қоса, масалар инфрақызыл сәуленің қызметін атқарар жылу құрылғысымен де жабдықталған. Оның қызметі – қараңғы түнде адамның терісінің түсін масаға күлгін түс қылып көрсетуінде жатыр.

Бұл бұл ма?

Масалар бейнебір жансыздандыру құрылғысымен де жабдықталған. Олар бұл арқылы шаққан жерін жансыздандыра отырып, инесін адамға сездірмей кіргізе алады. Ал адамның маса шаққанда сезген аз-маз ауыртпалық, ол – қанды сорудың нәтижесінде туындаған нәрсе.

Сонымен қатар, масалар бейнебір «қан анализін талдау» құрылғысымен де жабдықталған. Олар кез келген қанды қорыта бермейді. Өздерінің бойына сіңімді қанды ғана сорады.

Және де масаның қанды сұйылтатын құрылғысы тағы бар. Емген қанын сұйылта отырып, өте жұқа болып келетін тұмсығынан қанның оңай өтуін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, масаларда таңқаларлық иіс сезу қасиеті де бар. Олар бір километрден адамның терісінің иісін сезе алады екен...

Бұлардың бәрі бізге белгілі болған - қазіргі ғылымның анықтаған тұстары. Әлі де анықталмаған немесе анықталғанымен жалпы жұртқа белгісіз тұстары қаншама!

Бір қарағанда болмайтын бір қосқанатты қансорғыш шіркей сияқты. Алайда, қаншама таңқаларлық ерекше дүниелерге ие! Алла Тағаланың Құран Кәрімде: «Алла масаны мысал беруден ұялмайды» деуі бекер емес екенін осыдан түсінуге болады. Өйткені, өзге жаратқан жаратылыстары сияқты маса да шебер түрде жаратылған жәндік екендігі сөзсіз. Бір масаның өзіне қарап-ақ Жаратушы Алла Тағаланың қаншалықты құдіретті және қаншалықты шебер екендігін ұғынуға болады. Әлхамдулилләһи раббиль аләмин!

islam.kz

 

0 пікір