Неліктен сәбиді сол қолымызда ұстаймыз?
Неліктен сәбиді сол қолымызда ұстаймыз?
8 жыл бұрын 5550 www.noviyegrani.com/

Қандай жағдайда адамдар оң қолын, қандай жағдайда сол қолын қолданады? Оң немесе сол қолын қолдану саналы таңдаудың нәтижесі ма? Зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, адамдар оң және сол қолын еріксіз түрде кездейсоқ пайдаланады. Аналардың өз сәбиін сол қолына жатқыза ұстауы табиғи жағдай болып саналады. «Неге сіз балаңызды сол қолыңызда ұстайсыз? деген сұраққа бұл жай ғана кездейсоқтық деген жауап естисің. Анығында бұл солай ма?

Сол жағымен сол көкірегіне баланы қысып ұстау туралы аналардың пайымы зерттеуді қажет етеді. Әйелдердің 85 пайызы (жас мөлшеріне және отбасылық жағдайына қарамастан) сәбилерін сол жақ көкірек тұсында ұстауы, сол қолымен құшақтауы «Нейчур» журналының 2004 жылғы 26 ақпанда жарық көрген санында сөз болған болатын.

1. Көптеген адамдардың миының оң жақ бөлігі сезім мүшелеріне және дененің сол жақ бөлігіне жауапты. Сондықтан,аналар сол жағында болатын жылау, күлу немесе ыңырсу секілді баланың стимуляторларына өте сақ қарайды. Егер бала анасының оң жағында жатса, баладан келетін сигналдар анасының миының оң жақ бөлігіне бағытталады. Мидың сол жақ бөлшегі орын жағдайларға, сезіну бағасына жауап бере алмайды да, бала мен ананың арасындағы байланыс жойылады десек те болады.

2. Баланың дені сау әрі толыққанды дамуы үшін сезіну қауіпсіздігі өте маңызды, сол себептен балаға анасының жүрек соғысын естуі және сезінуі қажет. Аналардың өз балаларын сол қолымен сол жақ тұсына ұстауы еріксіз түрде жүзеге асады. Жаратушы тарапынан берілген осындай мейірім мен нәзіктік бөбектің әлгі мұқтаждығын қанағаттандырады.

Бұл әдет адамның денесіндегі ішкі органдарының орналасуна байланысты деген пайым бар. Анатомиялық көзқараспен қарайтын болсақ, адам денесі симметриялы орналасқан, ал кейбір ішкі органдар ассимметриялы орналасқан. Мәселен, салмақ жөнінен ауыр тартатын бауыр оң жақта орналасқан. Оң жақтағы екі бөлікті бүйрек, оң білек, қол және аяқ сол жақтағыларға қарағанда ауырлау тартады. Біз сол жақта орналасқан деп санайтын жүректің өзі көкіректің ортасына жақын орналасқан. Жүректің анатомиялық жоғарғы жағы солға қарай қисайғандықтан, оның соғуы жоғарғы жағында жүзеге асатындықтан біз жүректі сол жақта орналасқан деген тоқтамға келдік. Ішкі органдардың осылай орналасуына байланысты дененің массалық ортасы дәл орта тұста емес, бізге белгісіз себептерге байланысты оң жаққа қарай ауытқыған түрде орналасады.

3. Физикалық заңдылық бойынша қарар болсақ, дененің ауырлық ортасы арқылы өтетін вертикальді сызық дененің тепе-теңдігін сақтап тұру үшін жерде тұрған екі аяқтың ортасына сәйкес келуі керек. Егер ана сәбиін оң қолымен оң жақ тұсына қысып ұстар болса, онда оған көмекші ретінде сол қолын қолдануға тура келер еді. Сонда оң жаққа көбірек салмақ түсіп, тепе-теңдікті ұстау қиынға соғар еді. Ондай жағдайда аналар әлбетте бір жағына құлар еді, содан өзіне ғана емес балаларына да зиянын тигізіп алары сөзсіз.       

Ана баласына сол жағына жатқызып ұстаған кезде өзінің тепе-теңдігін сақтап қана қоймай, ауырлық ортасын оңнан солға қарай (дененің ортасына) жылжытады. Міне, сол кезде ғана тепе-теңдікті жоғалтып алудан қорықпай, баланы оңай алып жүруге болады.

Бір жағынан қолда тұрған баланың анасының масса орталығына әсерін және екі қолға түсіретін ауырлығын анықтау маңызды. Баланы сол қолға алған кезде ауырлық сол жаққа түседі. Ал, оң қолға алған кезде оң жаққа ауысады. Ананың масса ортасын оң жақтан ортаға ауыстыр үшін баланы сол қолға ұстау қажет. Сәби сол қолда жатқан кезде баланың бас жағының ауырлығы сол қолға түседі, ал қалған жағының ауырлығы оң қолға түседі. Былайша айтқанда, баланың массалық ортасы оң қолға жақын орналасады, сондай-ақ барлық ауырлық күштілеу қолға түседі. Салыстырмалы түрде қарағанда сол қол оң қолға қарағанда әлсіздеу болатындықтан, көбіне баланың басын ұстауға қолданылады. Егер ана баласын оң жағында ұстаса, онда сол қолына түскен ауырлық жүруіне қиындық тудырған болар еді.

Аналардың өз сәбилерін сол жағымен еріксіз түрде көтеруі баланың қауіпсіздігін одан сайын арттыра түсетін көрінеді. Соққы алғанда, соғысып қалғанда немесе құлағанда адам оң иығымен, оң қолымен қорғанады. Сол жақ көкірек тұсында әрі бас жағымен жатқан бала мұндай қауіптерден аулақ болады. Мысалға, баласының басын оң жағына қарата оң қолымен ұстаған ана құлаған жағдайда баласына тастай салуы ықтимал. Ондай жағдайда бала басынан соққы алуы мүмкін.

Егер де бұл сұраққа баланың қауіпсіздігі жағынан қарар болсақ, ананың баланы сол қолымен ұстап, тепе-теңдікті дұрыстауынан бөлек, сол қолдағы баланың анасына қарап жатуы маңызды болмақ. Себебі, жату қалыбы мен денсаулығының арасында тікелей қатынас бар. Бала үшін жатырда жатқан секілді қалыбы ыңғайлы болмақ. Оң жаққа қарап жатқанда жүрекке ауырлық түспейді, еркін дем алады. Өздеріңіз білетіндей бұлай жату Пайғамбарымыз (с.а.у.) сүннеті болып табылады. Әлі де оң жақпен жату дұрыс жатудың бір үлгісі болып келеді.

4. Баланы оң қолға жатқызған кезде жатырда жатқан секілді қалыпқа еніп жатады. Бұл кезде бала өзінің үйреншікті қалпына еніп, тез тынышталып, ұйықтап кетеді. Бір жағынан бұның да кереғар тұстары бар. Неге десеңіз, сол жағымен жатқан баланың жүрегіне қысым түседі. Бұл өз кезегінде баланың мазасызданып, жылауына, көптеген келеңсіздіктерге алып келеді.

Тәжірибесі бар аналар біледі, баланы емізген кезде бала оң жағын тезірек еміп тастап, сол жағын емгісі келеді. Себебі, балаға оң жағын емізген кезде тез шаршайды, сондықтан көп емгісі келмейді. Сондықтан баласын емізіп ұйықтатқысы келетін аналар бірінші оң жағын, кейін сол жағын емізгені абзал.

Бала туылғаннан кейін, өзін әлі қорғансыз сезінетін кезінде бала анасының бір бөлшегі болып қала береді. Тек белгілі бір уақыттан кейін, алты ай толғанда бала өзін анасынан бөлек жаратылыс екенін сезіне бастайды. Олар осылайша өздерін қауіпсіз сезініп, тынышталып, бақытты күй кешеді.

Осы сұрақты талқылай келгенде, баланы сол қол сол жақ көкірек тұсында ұстау анаға ғана емес балаға да көптеген пайдалар береді. Аналарды арнайы оқусыза-ақ осыған бейім етіп жаратқан Раббымыздың бұл бір мейірімі деп білеміз.

1 www.nature.com 
2 http://www.sussex.ac.uk/press_office/media/media383.shtml
3 John Lenihan, 1990 - Bilim İs Basinda. Populer Bilim Kitaplari, TUBİTAK Yayinlari, Ankara.
4 Dr. Selami Kocagil, Sizinti, Sayi: 293, 2003

1 пікір