Са­ғи­дың дұ­рыс орын­да­лу шарт­та­ры
Са­ғи­дың дұ­рыс орын­да­лу шарт­та­ры
9 жыл бұрын 2901
Сафа, Мәруа төбелері және зәмзәм суы

Иб­ра­һим (а.с.) Алла Та­ға­ла­ның бұйры­ғы­мен зайыбы Ажар ана­мыз­бен ем­шек­те­гі ба­ла­сы Ис­майылды қа­зір­гі Зәм­зәм құ­ды­ғы­ның ор­на­лас­қан же­рі­не әке­ліп тас­тап кет­ті. Ол уа­қыт­та қа­зір­гі Мек­ке қа­ла­сы­ның ор­на­лас­қан же­рін­де ішер су­дың жоқ­ты­ғы­нан ті­рі жан ме­кен­де­мей­тін-ді. Иб­ра­һим (а.с.) зайыбы мен ұлы Ис­майылға қо­рек ре­тін­де аз­ған­тай құр­ма мен су тас­тап, Алла Та­ға­ла­ға де­ген тәуеке­лін бе­рік ұс­тап, ол жер­ден ұзақ­тай түс­ті. Қо­рек пен су­ға тап­шы мы­на шөл­де Ажар ана­мыз бен ба­ла­сы Ис­майылға өмір сү­ру күн­нен-күн­ге қиын­дай түс­ті. Бі­рақ өз­де­рін сол жер­ге қал­ды­рып ке­ту­ді жа­рат­қан иеле­рі Алла Та­ға­ла­ның өзі бұйыр­ған бол­са, Ажар ана­мыз­дың бос­тан-бос қам жеп, уайым­дауы орын­сыз еді. Өйтке­ні, әл­сіз құрт, құ­мырс­қа сияқ­ты жән­дік­тер­ге ри­зық бер­ген Алла олар­ды жа­пан да­ла­ға тас­тап, ұмыт қал­ды­руы мүл­дем мүм­кін емес. Мі­не, сон­дық­тан Ажар ана­мыз: «Алла Та­ға­ла біз­ді қор­ғайды, мы­на су­сыз шөл да­ла­ға біз­ді жал­ғыз­дан жал­ғыз, жәр­дем­сіз тас­та­майды» – деп, Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­на де­ген се­ні­мін бе­рік ұс­тап, пай­ғам­бар­ша тәуе­кел ет­ті. Уа­қыт жыл­жы­ған сайын Иб­ра­һим­нің (а.с.) тас­тап кет­кен аз­ған­тай суы таусы­лып, жас сә­би Ис­майыл су сұ­рап жы­лай бас­та­ды. Ана бай­ғұс сә­биі­нің шы­рыл­дауына ша­ра та­ба ал­май шарқ ұрып, зыр жү­гі­ру­де. Ана­сы бас­қа не іс­те­сін, емі­зейін де­се, омы­рауын­да сүт жоқ, су бе­рейін де­се, та­мы­зық­тай су да тап­шы. Ба­ла­сы Ис­майыл­дың шы­рыл­дауына шы­дап тұ­ра ал­ма­ған ана өтіп ба­ра жат­қан ті­рі жан­ды кез­дес­ті­ріп қа­лар­мын де­ген үміт­пен Са­фа тө­бе­сі­не шық­ты. Бі­рақ еш­қан­дай ті­рі жан­ның қа­ра­сы кө­рін­бе­ген­нен кейін Са­фа мен Мә­руа тө­бе­шік­те­рі­нің ара­сын­да ал­қын­са да, «үміт­сіз шай­тан» де­ген­дей ер­сі­лі-қар­сы­лы жү­гі­ре бас­та­ды. Мә­руа тө­бе­ші­гі­не же­тін­ші рет шық­қан ке­зін­де құ­ла­ғы­на беймә­лім бір дауыс ес­ті­ліп, қалт тоқ­тайды. Ажар ана­мыз: «Ей, дауыс иесі! Біз­ге дау­сың­ды ес­тір­ттің, егер біз­ге кө­мек­те­се ала­тын­дай кү­шің бол­са, кө­мек­тес», – де­ді. Ажар ана­мыз­дың осы мі­нә­жа­ты бі­ті­сі­мен Зәм­зәм бұ­ла­ғы­ның жа­нын­да пе­ріш­те Же­бі­рейіл (а.с.) кө­рін­ді. Же­бі­рейіл (а.с.) жер­ді қа­зып жа­тыр екен. Әне-мі­не де­ген­ше су кө­рі­ніп, аға бас­та­ды. Бұл құ­бы­лыс­қа қат­ты қуа­нып кет­кен Ажар ана­мыз су ақ­па­сын де­ген ма­ғы­на­да «зәм-зәм» дейді. Су­дың ал­дын бе­кі­тіп, кі­ші­гі­рім хауыз жа­са­ды. Ыды­сы­на су ал­ған сайын, ор­ны­на су қай­нап шы­ға бер­ді. Ыдыс­ты су­ға тол­тыр­ған­нан кейін мү­бә­рак су­дан қа­нып ішіп, ұлы Ис­майылды емі­зе бас­та­ды. Же­бі­рейіл (а.с.) Ажар ана­мыз­ға бы­лай де­ді: «Жоқ бо­лып құ­рып ке­те­міз деп қо­рық­паң­дар. Мі­не, мы­на жер – Бәй­тул­ланың (Қағ­ба­ның) ор­ны. Оны мы­на сә­би мен әке­сі са­ла­ды. Алла Та­ға­ла бұл үйді са­ла­тын­дар­ды зиян­ға ұшы­рат­пайды».

Мі­не, Зәм­зәм суы­ның шы­ғу та­ри­хы осы­лай. Қа­зір­гі кез­де­гі қа­жы­лар­дың Са­фа мен Мә­руа тө­бе­ле­рі­нің ара­сын­да жү­гі­ру­ле­рі­нің хик­ме­ті – Ажар ана­мыз бен ұлы Ис­майыл­дың ба­сы­нан өт­кен осы бір ғиб­рат­ты оқи­ға­ны се­зі­ну жә­не жан­дан­ды­ру.

Зәм­зәм суы – мү­бә­рак жә­не киелі су. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) зәм­зәм суы­ның қа­сиет­те­рі жайын­да:

{مَاءُ زَمْزَمَ لِمَا شُِبَ لَهُ} «Зәм­зәм суын қан­дай мақ­сат­пен іше­тін бол­са, сол мақ­сат­қа пайда­лы»[1] – де­ген. Яғ­ни ауруыма ши­па бол­сын деп іш­се ауруына ши­па, азық бол­сын деп іш­се, азық бо­ла­ды. Ажар ана­мыз бен ұлы Ис­майыл ұзақ уа­қыт бас­қа азық же­мес­тен зәм­зәм суы­мен қо­рек­тен­ген.

 

Са­ғи­дың дұ­рыс орын­да­лу шарт­та­ры

1. Са­ғи­дің қа­жы­лық не­ме­се ум­ра үшін ниет етіп, тәл­бия ай­тып, их­рам­ға кір­ген­нен кейін жа­са­луы. Қа­жы­лық ғи­ба­да­тын ат­қа­ру­шы­ға айт­тың ал­ғаш­қы кү­ні­нен бұ­рын их­рам­нан шы­ғуына бол­майды. Егер қа­жы­лық үшін жа­са­ла­тын са­ғи­ді Ара­фат­та тұ­ру­дан бұ­рын жа­са­са, их­рам­мен жа­са­ған бо­ла­ды. Ал Ара­фат­тан қайт­қан­нан кейін шай­тан­ға тас лақ­ты­рып, құр­бан шал­ған­нан соң жа­са­са, их­рам­нан шы­ғып та жасауына бо­ла­ды.

Ум­ра үшін іс­те­ле­тін са­ғи­ді их­рам­нан шық­пай тұ­рып жа­сау – уә­жіп. Ум­ра тауа­бын орын­дап, са­ғи­ді жа­са­мас­тан ша­шын алып не­ме­се қыс­қартқан жағ­дайда их­рам­нан шық­қан бо­ла­ды. Их­рам­нан шы­ғып қой­ған­нан кейін жа­сал­ған ум­ра са­ғиі дұ­рыс деп есеп­те­лі­не­ді. Бі­рақ ум­ра са­ғиін их­рам­нан шық­пай тұ­рып жа­сау – уә­жіп бол­ған­дық­тан, жа­за өтейді.

2. Қа­жы­лық үшін іс­те­ле­тін са­ғи­дің қа­жы­лық айла­рын­да жа­са­луы.

3. Дұ­рыс орын­дал­ған тауап­тан кейін жа­са­луы. Дұ­рыс орын­дал­ған тауап – жү­ніп, хайыз, ни­фас күйін­де жа­сал­ма­ған тауап.

4. Тауап­та­ғы же­ті айна­лым­ның кем де­ген­де төр­теуі­нің орын­дал­ған болуы. Төрт айна­лым­нан кейін­гі жа­сал­май қал­ған әр айна­лым үшін жа­за ре­тін­де са­да­қа бе­ру ке­рек.

5. Са­ғи­ді Са­фа тө­бе­сі­нен бас­тау.

 

Са­ғи уә­жіп­те­рі

1. Са­ғи­дің жаяу жа­са­луы. Ауру не­ме­се кә­рі­лік­ке байла­ныс­ты са­ғи жа­сай ал­май­тын­дар ар­найы ар­ба­мен жа­саула­ры­на бо­ла­ды.

2. Са­ғи­дің же­ті шаут жа­са­луы (Са­фа­дан Мә­руаға ба­ру – бір шаут, Мә­руа­дан Са­фа­ға ке­рі қайту – бір шаут)

 

Са­ғи сүн­нет­те­рі

Бас­қа ғи­ба­дат­тар сияқ­ты са­ғи­дің де сүн­нет­те­рі бар. Бұл сүн­нет­тер­ді орын­дау – үл­кен сауап­ты іс. Бі­рақ іс­тел­мей қал­ған жағ­дайда кү­нә бол­майды.

1. Тауап­тан кейін са­ғи­ді орын­дау. Яғ­ни, тауап на­ма­зын оқы­ған­нан кейін де­реу са­ғи­ға бас­тау.

2. Са­ғи­ді дә­рет­пен жасау

3. Де­не­сін­де не­ме­се үс­тін­де на­маз­ға ке­дер­гі бо­ла­тын­дай нә­жіс бол­мау

4. Са­ғи­ді бас­та­мас бұ­рын қа­ра тас­қа сә­лем бе­ру

5. Әр жү­гі­ріс­те Са­фа жә­не Мә­руа­ның Қағ­ба кө­рі­не­тін­дей же­рі­не шы­ғу

6. Әр жү­гі­ріс­те Са­фа жә­не Мә­руада жүз­ді құ­бы­ла­ға бұ­рып, тәк­бір, таһ­лил ай­тып, дұ­ға жа­сау

Тәк­бір де­ге­ні­міз: {أللهُ كْبَرُ} «Аллау әк­бар» деп айту, ал, таһ­лил бол­са:

{لا إلَهَ إلاَّاللهُُ وَحْدَهُ لا شَرِيكَ لَهُ, لَهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ وَ هُوَ عَلَي كًلِّ شَيْءٍ قَدِيرُ}

 «Лә илә­һә ил­лАллау уах­да­һу ла шә­ри­ка ләһ, лә­һул-мул­ку уә лә­һул-хам­ду уа һуа 'ала кул­ли шайин қа­дир» – деу. Ма­ғы­на­сы: «Алланан бас­қа тә­ңір жоқ. Ол – жал­ғыз, се­рі­гі жоқ. Бар­лық ие­лік оны­кі жә­не күл­лі ма­дақ оған тән. Оның бар­лық нәр­се­ге құ­ді­ре­ті же­те­ді».

7. Ер кі­сі­лер­дің Са­фа мен Мә­руа жо­лын­да жа­сыл бел­гі­лер ор­на­лас­ты­рыл­ған екі дің­гек­тің ара­сын­да адым­да­рын жиі-жиі алып, тез-тез жү­ру­ле­рі, бұ­ған «һә­руалә» де­лі­не­ді. Әйел­дер һә­руалә жа­са­майды.

8. Са­ғи жа­сау ке­зін­де тәк­бір, таһ­лил ай­тып, дұ­ға жасау.

 

Са­ғи қа­лай жа­са­ла­ды?

Тауап жа­са­ған­нан кейін Са­фа тө­бе­сі­не ба­рып, Ха­жа­рул-Әсуәд­ке (қа­ра тас) сә­лем бер­ген­нен кейін қа­жы­лық бол­са қа­жы­лық са­ғиі үшін, ум­ра бол­са ум­ра са­ғиі үшін ниет ете­ді. (Аллаым, мен се­нің ри­за­лы­ғың үшін Са­фа жә­не Мә­руа тө­бе­ле­рін­де же­ті рет қа­жы­лық (не­ме­се ум­ра) са­ғиін жа­сауды ниет ет­тім. Бұ­ны ма­ған же­ңіл­дет жә­не ме­нен қа­был ал!) Тәк­бір, таһ­лил­дер­мен қо­са зі­кір ай­тып, дұ­ға жа­сап, Мә­руа тө­бе­ші­гі­не қа­рай жү­ре­ді. Са­фа­дан Мә­руаға төрт рет ба­ру жә­не Мә­руа­дан Са­фа­ға үш рет қайту­мен са­ғи­ді аяқ­тайды. Ер кі­сі­лер Са­фа мен Мә­руа жо­лын­да­ғы жа­сыл бел­гі­лер ор­на­тыл­ған дің­гек­тер­дің ор­та­сын­да жиі-жиі қа­дам­дар­мен жыл­дам-жыл­дам жү­ре­ді. Жа­сыл бел­гі­лер­ден өт­кен­нен кейін ақы­рын жү­ре­ді. Әйел адам­дар бол­са тез жүр­мейді. Са­ғи қа­жы­лық үшін бір рет, ум­ра үшін бір рет жа­са­ла­ды. Нә­піл са­ғи жа­сал­майды.

[1] Кутубу-ситта, 923/6910.

0 пікір