Дінде қыз бен жігіттің жүріп, кездесіп тұрулары жайында
Дінде қыз бен жігіттің жүріп, кездесіп тұрулары жайында
2 жыл бұрын 16418

Дініміз некесіз қыз бен жігіт болып (зәру жағдайсыз) бостан-босқа сөйлесуіне, жүріп, кездесіп тұруларына тыйым салынған. Харам нәрседен ешқандай қайыр, пайда болмайды. Некесіз еркек пен әйел дін бойынша бір-біріне бөтен саналады. Бұл жөнінде хадис шәрифте былай делінеді: 

«Ей әйелдер, тек қана махремдерің (жықын) болған еркектер мен сөйлесіңдер, махрем болмағандармен (бөтендермен) сөйлеспеңдер!» (ИбнСаид).

Алайда, үйлену ниетімен, үйленетін екі жас бір-бірлерін көру мақсатында "қылует" туындамайтындай оңаша емес жерде кездесіп, сөйлесулеріне, қажет болғандықтан хат (смс) алысуына, үйленетін уақыттарын келісіп алуына болады. Бірақ, жақын арада үйленетіндей ниеттері болмаса немесе жағдайы көтермей жатса, ғашық болып қалса да, жағдай болғанда осы қызға үйленем деген  ниеті болса да, бөтен қызбен сөйлесуіне, кездесуіне, хат алысуына болмайды. Неке қиылмай тұрып қолынан ұстауға да, үзірсіз сөйлесуге де болмайды. Зина, күнә болады.

Некесіз қызбен жігіттің тасада өткізген әр минуты, сөйлескен әрбір сөзі екеуін де күнәға батырады. Шын сүйген адамсүйіктісін отқа тастағысы келе ме?! Сүйіп қалдым дегенадам сүйіктісін екі дүниеде бақытты етуге дайын болсағана шынында сүйген болып саналады. Әйтпесе өзінің махаббатын айтып күйіп-пісіп жатқаны жайлы қаншама сайраса да онікі тек жыныстық құмарлық қана. Сүйіктісінің қолынан ұстағысы, құшақтағысы келіп кездесуге шақыратын «ғашықтар» намыс ұрылары болып табылады.

Адам осы берілген өлшемдерге қарап өзінің махаббатының қаншалықты «пәк» екенін біле алады. Құран кәрімде: «Зинаға жоламаңдар» деп бұйырылған. Бұл – зинаға апаратын барлық іс-әрекеттерден аулақ болыңдар деген сөз. Нәпіс бастапқыда жай ғана сөйлес дейді. Кейін кездесдейді, кейін қолынан ұста дейді. Соңы пәлекетке, зинағаапарады.

Соңғы кезде кейбір жастардың, әсіресе үйлерінен, ата-аналарынан алыста жүрген студенттердің ешкімге айтпай,ата-аналарымен ақылдаспай өздерінше тек неке қидырып жүргендерін жиі кездестіретін болдық. Бұл дұрыс емес. Жанұялық өмірдің қайырлы, берекелі болуы үшін, яғни некесінің екі дүниеде де (дүние және ахиретте) қайырлы, бақытты болуы үшін мазһабымыздың үкімдеріне сай болуы, және де, некенің сүннеттеріне, мүстаһабтарына мән беріліп қиылуы, сондай-ақ неке дұғалары оқылуы керек. Жақындарына, туыстарына, көршілеріне, достарына естіртуі керек. Хадис шәрифте: «Некені адамдардарға естіртіңдер!» делінген. Бұл өте маңызды жайт. Бұларды назардан тыс қалдырмауға тырысу керек. Бұлардың ең - басында ата-ананың рұқсатын, дұғасын, батасын алу келеді. Ата-ананың разылығын алмаған перзент мақсатына, мұратына жете алмайды. Мұсылман фитнаға себепші болмауы керек. Фитна – бүлік шығару, дін атына кір келтіру, дінді жаман атты қылу деген сөз. Діннен сауатсыз жастардың ешкімге білдіртпей неке қиғанын естіген басқа адамдар (ата-аналар) не істесін?!

Кейбір ата-аналардың дінге кері көзқараспен қарайтыны, ұл-қыздарын діннен алыс ұстауға тырысатындары анық. Осы сияқты фитналардың кесірі тікелей мұсылмандыққа келіп тиюде. Алдыңызға мақсат қойыңыз, сабағыңызды жақсы оқып, жақсы жұмысқа тұрып, ертерек отбасы асырай алатындай жағдайға келіп үйленіңіз. Хадис шәрифте «Үйленген адам дінінің жартысын қорғаған болады» делінген.

Үйленетін қызымен кездесу

Үйлену мақсатымен бөтен қызбен қылует болмайтындай (көзден таса емес, оңаша емес) жерде кездесуге, сөйлесуге және үйленетін уақыттарын келісіп алуға болады.

Бірақ, жақынарада үйленетіндей жағдайы болмаған адамның қатты ғашық болып қалса да бөтен қызбен сөйлесуіне, кездесуіне болмайды.

Некеден бұрын танысу үшін бір рет кездесу, көрісу сүннет болып табылады. Бұл болашақ жарын таңдау үшін берілген мүмкіндік. Қажеттілікке қарай екінші рет те көрісуге болады.

Жар таңдау үшін көрісу - қажеттілік. Көріспей, таныспай жанұя құру – болашақта отбасының бұзылуына алып келуі мүмкін. Алайда, мұндай мүмкіншілікті тым асыра қолданып, күнә істеп қоймау керек. Өйткені (қажеттілік болмағанша) некесіз қандай да бірқатынас (кездесу, сөйлесу, хат жазысу және т.б.) дінімізде харам болып табылады[1].


[1] «Бақыттың кілті – Жанұя». Түркістан кітап үйі, Алматы-2016 ж.

0 пікір