Өтірікші ғашық
Өтірікші ғашық
3 жыл бұрын 4356

Бір күні Рабиатул Адуийа хазреттері жолда келе жатып қарсы бетте бір кісінің өзіне тесіле қарап тұрғанын көреді.

Сонда Рабия хазреттері:

- Ей жігіт! Не үшін намахрем (бөтен) әйелге қарап тұрсың?- дейді.

Әлгі жігіт:

- Ей қыз! Мен сені жақсы көріп қалдым, саған ғашық болдым,- дейді.

Рабия хазрет:

- Менің бір сіңлім бар. Ол менен де сұлу, артымда келе жатыр,- дейді. Сонда әлгі жігіт сіңлісін де көрейін деп арқасына қарағанда, Рабия ханым ашуланып:

- Ей өтірікші! Мен сені алғаш көргенімде көңілі ашық жан шығар деп ойладым. Кейін қасыма келгеніңді көріп6 ғашық шығар деп ойладым. Сынап көрсем, ашық та емес, ғашық та емес екенсің. Сен қыздарды алдап жүрген өтірікшісің. Егер махаббатыңа берік болғаныңда, менен басқаға қарамас едің! - деген екен.

 "101 Mesnevi Öyküsü" ("Мәснәуиден 101 хикая"). 

 

0 пікір