Жігіт сөз салғанда қыз мына мәселелерге мән бергені абзал
Жігіт сөз салғанда қыз мына мәселелерге мән бергені абзал
1 жыл бұрын 9960
Имам Ғазали (рахимаһуллаһ)

Имам Ғазали өзінің «Діндегі әдептер» атты кітапшасында, егер бір жігіт көңіл білдіріп, сөз салғандай болып жатса, мұсылман қыздың мына мәселелерге мән бергендігі "мұсылманша неке алды әдептерінен" саналады делінген.

Бір жігіт көңілін білдіріп, айттырар кезде қыз өзінің жақындарының біріне жігіт жайында мына төмендегідей мәліметтерді сұрастыруын тапсырады:

  1. Діни сенімі, ұстанған мәзхабы және жалпы өмірдегі ұстанымы жайында,
  2. Ерге тән сипаттары бар ма? Уәдесіне берік пе?
  3. Туған-туыстары мен ата-анасы қандай?
  4. Бес уақыт намазына берік пе? Берік болса, намаздарын жамағатпен оқи ма?
  5. Саудагер болса, саудасын адал істей ме? Жұмысына адал ма?
  6. Қыз да өз кезегінде жігіттің мал-дүниесіне емес, дініне, атақтылығына емес, өмір салтына мән бермегі ләзім.
  7. Болашақ жарының тапқанын қанағат тұтпаққа және бұйрықтарына бойсұнбаққа табанды болмағы ләзім.

Тұрмысқа шыққаннан кейінгі әдебі

Жігіт ұнап, бірге шаңырақ көтергеннен кейін, ол - басие, ал бұл - отана. Отана отағасына қарасты кейбір әдептіліктерді сақтағаны жөн. Атап айтсақ:

  1. Жарынан әрдайым ұялу.
  2. Дауласпау, көп салғыласпау.
  3. Бұйрығын екі етпеу, айтқанына бойсұну.
  4. Сөз сөйлеп отырғанда үндемей тыңдау.
  5. Өзі жоқта отын түтетіп, шаңыраққа ие болу.
  6. Мал-дүниелеріне қиянат жасамау.
  7. Жұпар иіске және ауыз тазалығы мен киім тазалығына мән беру.
  8. Қанағатшыл болу.
  9. Күйеуіне аяныштылық таныту, мейірімді болу.
  10. Әрдайым әсемдікті ұмытпау.
  11. Күйеуінің туған-туыстары мен жақындарын сыйлау.
  12. Күйеуінің жағдайына түсінікпен қарап, істеген істерінің қадірін білу, істеген ісіне рақмет айтып тұру.
  13. Күйеуіне деген махаббаты мен сүйіспеншілігін білдіру.
  14. Оны көргенде қуану1

Сонда жары мейірбан, махаббатына берік болады. 


1Имам Ғазали (рахимаһуллаһ): «әл-Әдәб фид-Дин». (Араб тілінде).

Абдусамат Қасым

 

0 пікір