Төрт әйел алған азамат бақытты өмірдің құпиясын айтты
Төрт әйел алған азамат бақытты өмірдің құпиясын айтты
8 жыл бұрын 5311

Қарағанды облысы Шет ауданында Қуаныш атты азамат 4 әйел алып, 16 бала тәрбиелеп отыр, - деп жазады bnews.kz сайты.

Қуаныш Хантурин 4 әйелді бір шаңырақ астына сыйдырып, ауыл-аймаққа сыйлы болып отырған азамат. Ол ең алғашғы жұбайымен 1986 жылы отбасын құрыпты.

Жас жұбайлар Шет ауданының орталығына қоныс теуіп, қазір тұрып жатқан үйлерінің қабырғасын бірге қалады. Алты баланы дүниеге әкелген Бақытгүл ата-енесіне сыйлы келін болды.

Бақытгүлдің байыпты мінезі мен отағасына деген құрметінен болар, Қуаныш Хамитұлы оның үстінен үш әйел алғанда да, теріс мінез танытпай, отбасын айрандай ұйытып отыр.

Мен екінші әйел алғанда көп адам түсінген жоқ. Тентек адамды жар етіп дұрыс жолға салсам, не болмаса мүгедек адамға үйленіп қамқор болсам деп армандадым.

Қуаныш Хамитұлы көп әйел алу кең болуға, мейірімді болуға жетелейді дейді.

«Мен екінші әйел алғанда көп адам түсінген жоқ. Тентек адамды жар етіп дұрыс жолға салсам, не болмаса мүгедек адамға үйленіп қамқор болсам деп армандадым. Ауылда мінезі шәлкестеу қыз болды, соған сөз салдым. Алайда ол бас тартты. Кейіннен денсаулығы жоқ жерлесіме үйленуге ниет қылғанда да әке-шешесі қарсы болды. Осылай жүргенде пейілімнің түзулігінен болар, қазақы, иманжүзді қызды екінші әйел етіп алдым», — дейді отағасы.

2001 жылы қазіргі төртінші әйелі Мадинаның (ол кезде Мадинаның жұбайы бар) араласуымен Айжанға үйленеді. Өзінен 17 жас кіші қызбен бас қосқан Қуаныш ата-анасы мен туған-туыстың қарсылығына тап болады.

«Осы кезде мен ата-анам мен таныстарымның ризалығына қайта бөлену үшін сабырлы мінез бен тынымсыз еңбекке ғана сүйене алатындығымды түсіндім. Екінші енем ғана кеудемнен итерген жоқ. Балдыздарымды өзім ұзаттым, енемді қасыма көшіріп алдым. Кейіннен сексеннен асқан шешем көбейе бер балам, сенің арқаңда төрт келінге сыйлымын, құда-жекжатқа құрметтімін деп батасын берді», — дейді ол.

Қазір Шет ауданының орталығындағы үйде Қуаныш бірінші, екінші әйелімен бірге тұрады. Бәйбіше екінші әйелдің балаларын оқытады. Жас әйел үй шаруасымен айналысады.

2006 жылы отағасы өзінен алты жас кіші үшінші әйелге үйленеді. Айгүл жұбайымен дәм-тұзы жараспай 4 баламен ажырасып кеткен екен. Шиеттей баламен қалған әйелге пана болу үшін Қуаныш Айгүлмен некелеседі.

Мен үйленген соң бұрынғы жолдасы екі ұлын алып кетті. Менде қалған екі қызы мені әке дейді. Мен оларды әкелерінен бөлмеймін. Сыйлаңдар деп өсірдім. Әйелдеріме де балаға дауыс көтермеңдер деймін. Себебі ата-ана ұрысса, балада да қарсылық пайда болады. Анасын сыйламаған бала әкені де сыйламайды», — дейді Қуаныш Хамитұлы.

Отауын қыстаққа тіккен Айжаннан отағасы бір бала сүйіп отыр. 2014 жылдың жазында Қуаныш төртінші рет үйленіп, 51 жастағы Мадинаны жар етті. Екі баламен жесір қалған Мадинаның жұбайы Қуаныштың досы әрі шәкірті болатын.

Мен оларды әкелерінен бөлмеймін. Сыйлаңдар деп өсірдім. Әйелдеріме де балаға дауыс көтермеңдер деймін.

«Жұбайым Қуаныш нұсқаған жолмен жүруді айтып кеткен болатын. Мезгілсіз келген қайғыны жеңіп, Қуаныштың етегін ұстадым», — дейді Мадина. Төртінші әйелін Қуаныш екінші қыстаққа орналастырған.

52 жастағы Қуаныштың кіндігінен 12 бала өрбіген, 4 баланы бауырына басты. Жесірге пана, жетімге сая болып отырған Қуаныштың 51, 50, 46, 35 жастағы төрт әйелі бір шаңырақтың түтінін түзу түтетіп отыр. Көп әйел алған Қуаныш күні-түні бел шешпей еңбектеніп, мал өсіріп, бала-шағасын тарықтырмай отыр.

«Маған еліктеп көп әйел алған замандастарымның бәрі бірдей бақытты болған жоқ, бірталайы ажырасып кетті», — дейді Қуаныш Хамитұлы.

«Себебі олар әйелдің сыртқы сулулығы мен байлығына қызығып үйленді. Ішкі әлеміне үңілмеді. Ата-бабаларымыз жесірін қаңғыртпау үшін, жетімін жылатпау үшін көп әйел алған», — дейді ол.

7 пікір
  • «Себебі олар әйелдің сыртқы сулулығы мен байлығына қызығып үйленді. Ішкі әлеміне үңілмеді. Ата-бабаларымыз жесірін қаңғыртпау үшін, жетімін жылатпау үшін көп әйел алған», — дейді ол. Өте дұрыс айтыпты. Қазіргі көп әйел алып жүргендерге жақсы жауап екен. (бәріне емес)
    8 жыл бұрын
  • Дегенмен мықты кісі екен. Екінің бірінің қолынан келмейді. Бәйбішесі де байыпты боп тұр ғой. Қазіргі қоғамдағы пікірлерге қарап қайта ер адамдар тағы әйел алуға қорқақтайтын секілді.
    Менің атамның әкесінің де тоқалдары болған екен, содан туған балаларын атам бауырларым деп қамқор боп жүретін. Айтайын дегенім бала кезімізден бұл нәрсенің бар екенін білдік.
    8 жыл бұрын
  • 2 сиыр айран 2 катын ойран 4 айел шах и мат. Тату татти
    8 жыл бұрын
  • билмеймин мен он бала болсада озим туып берер ем бирак куйеуимди ешкимге бергим келмиди!Одан олип калганым артык сиякты)!Журтты кайдам мен жанымнан артык кызганам!куйеуиме биреу карасада кзганып шашн жулп тастагм келет иштей!ондай кезде сабыр сактай алмайм!бир кызымыз бар азирге!АЛЛАГА ШУКИР
    8 жыл бұрын
  • Ағамыз мықты азамат екен!
    8 жыл бұрын
  • Бұл жердегі негізгі ниет Әйел алу емес болғандықтан Аллам осындай жарлар нәсіп еткен шығар!
    Алла разы болсын Ағамызға, ол Алла алдындағы үлкен жауапкершілік!!!
    8 жыл бұрын
  • Расымен Алланың разылығын көздеген жан, осындай ерлікті қадамдар жасайды... Төрт әйелдің басын біріктіріп ұстап отырған ағамызға Алла разы болсын деймін! Отбасына иман, бақыт, береке - бірлік лайым серік болсын! Өсіріп отырған ұл қызларына нендей үлкен үлгі... ата - анасының жолын ұстанушылардан болуын нәсіп етсін оларды Аллам. Бір ене мен келіннің басы піспей жүрген заманымызда, бәрімізге үлгі - өнеге боларлық жағдай екен.... Алла разы болсын!
    8 жыл бұрын