"Әйелдер үйде отыру керек": (Сәләфи тәксистпен болған әңгіме)
"Әйелдер үйде отыру керек": (Сәләфи тәксистпен болған әңгіме)
3 жыл бұрын 7325

Әдеттегі бір іс-сапарға бару үшін үйге такси шақырдық. Көлік тізгінінде дәстүрлі емес деп айтып үйреніп қалған ағым өкілі екен. Жолда "уағыз"ды бастады. Әңгіме әйелдер мәселесі. Көшедегі әрбір әйелге бір сөз арнап келеді. Монологтан диалогка көштік.

- Әйелдер үйде отыруы керек. Осыларды қызғанбай көшеге жіберетін еркектерге таң қаламын!

- Сіздің әйелініңіз үйде отыра ма?

- Иә. Үйде отырады.

- Немен айналысады.

- Бала туады.

- Қайда босанады, үйде ме?

- Жоқ, емханада босанады.

- Кім босандырады.

- Әрине акушер гинеколог.

- Әйелдердің бәрі оқымай, жұмыс жасамай үйде отырса еркек босандырып алсын ба?!

- Астағфирулла...

Вокзалға жетіп поезға қарай аяңдап кеттім... 

Кеңшілік Тышқанұлы, facebook.com парақшасынан.

 
1 пікір
  • Өте дұрыс айтқансыз. Қазір әйелдер таксиде де жұмыс істейді. Ертең осы күйеуімен бірдеңе болса әйелі қалай балаларын асырайды екен?
    3 жыл бұрын