Алдыңғы қатарлы басшылардың (СЕО) ортақ қасиеті
Алдыңғы қатарлы басшылардың (СЕО) ортақ қасиеті
2 ай бұрын 871

Inc. Журналында жарық көрген мақаланың мазмұнын төменде беріп отырмыз. Тамырлы компания құрып тізгінін қолымда ұстаймын деген жандарға айрықша пайдалы.

1) ОЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІК ТУРАСЫНДАҒЫ ТҮСІНІГІ ЖАҢАРЫП, ЖАҢҒЫРЫП ОТЫРАДЫ.

Биікке ұмтылған СЕО-лар (СЕО (Chief Executive Officer) - это главный исполнительный директор компании) жетістікке қатысты ой-пікірлерін, өлшем-түсініктерін қайта-қайта пысықтап отырады. Harrington Hoists компаниясының тұтқасын ұстаған Нед Хантер: «Әуелде, менің жетістік жайындғы ұғымым мансатпың, жалақының өсуі сынды көрнеу нәтижемен өлшенетін. Алайда отыз жылдық тәжірибеден кейін осы тараптағы түсінігім біршама өзгерді. Бүгінде қарауымдағы қызметкерлердің тұлғалық дамуын, карьералық ілгерлеуін жетістік деп санаймын. Солар әлдебрі асуды бағындырып, шат-шадыман болса, басшы ретінде менің де мерейім өсі, алапам асады».

2) ОЛАР ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ЖЕТІЛУГЕ АЙРЫҚША ҚЫЗЫҒАДЫ

Көптеген СЕО-лар ұзақ-мерзімді жетістіктерін интеллектуалдық өсімен байланыстырады. Барды қанағат тұтпай, білімді тереңдетудің, жаңаны үйреніп соныға тартудың арқасында бизнестері берекелене береді. Жасын СЕО-лардың түгелге жуығы индустриядағы жаңалықтарды күн құрғатпай оқиды. Жеке бастың дамуын айрықша бағалайтын көп мықтының қатарында Viххо компнаиясының СЕО-сы әрі егесі Джим Ривви де бар. Айтуынша, болмашы бір жетісікке мастанып, астамшылыққа бой алдырып жататын көшбасшылар болады. Ондайлар бәрін білетін кемеңгердің кебін киіп, жаңаны аршып, таңсықты тануға құлшынбайды. Аралас, біліс кісілерді өздерінен кемшін санап, айналаға паңдана қарайды. Ал, шындап келгенде жаңаруды ойламайтын марлат бастықтың бизнесі көп ұзамай, қожырып, кері кетеді. Сол себепті Джим Ривви: «Үйрен де жирен», - деп тоқтайды.

3) ОЛАР БАСҚАЛАРДЫҢ КӨМЕГІН ҰМЫТПАЙДЫ, ОРАЙЫ КЕЛІП ЖАТСА, ТЕЗІНЕН ҚАЙТАРУҒА ТЫРЫСАДЫ.

СЕО-лар биік асқарға көтерілуге көмектескен үлкенді-кішілі адамдарды ұмытпайды. Жол сілтеген менторды, қиындықта қол ұшын берген досты, қыстау күні төзімділік танытқан қызметкерді қадірлеп қана қоймайды, орайы келіп жатса мейлінше жарылқайды, төлемі мен бодауын еселеп қайтарады. Schindler Innovation корпарациясының тізгінін ұстаған Грег Ергенбрайт: «Жеке адамның жетістігінің артында көп кісінің еңбегі бар. Мұны естен шығару – үлкен қателік», - дейді. Ұқсас пікірді Джимми Риви де айтады. Басқалардың шарапатын көп көрген ол ізін басқан шәкірттері мен қарауындағы қызметкерлерге жылы ұшырап, салқар да айшықты карьера жасауына демесін болады екен. Білімімен бөліседі, қысталаңда қолдасып, үмітінің үзілмеуінң қадағалайды, кішілік танытып, қоян-қолтық араласады, сырын ашып, емен-жарқын сұқпаттасады.

4) ОЛАР ӨЗДЕРІ СҮЙЕТІН ШАРУАМЕН ҒАНА АЙНАЛЫСАДЫ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫ ДА СОҒАН ҮГІТТЕЙДІ.  

Талайлы СЕО-лар басқалар таңдаған жолмен емес, өздері таңдаған соқпақпен жүреді. Көңілдері сүйіп, аңсарлары ауған бизнеспен ғана шұғылданады. Сел себпеті жалықпайды, шалдықпайды, сүрінсе де түңілмейді, сеніммен, үмітпен алға қарай омбылай береді. Қайратпен, жігермен шыңдалған қарқын уақыт өте келе ойға алған істің іші-сыртын, қалтарыс-бұлтарысын жыға тануға жол ашады. Өздері сүйетін тірлікке жегілген мұндай адамдар асығып, аптықайды, еппен сақ жылжиды. Өмірлік нысананың бір бекетінде тоқтап, ес жияды, кеткен қателіктер мен жеткен жетісткерін ескереді, әуелгі болжам мен кейінгі нәтижені шендестіреді. «Тар жол, тайғақ кешуден» қалған алымды сабақ, татымды тәжірибе қордаланған сайын балаңқы бизнестері де ордалана түседі. 3 миллиард долларға бағаланатын Clean Harbors компаниясының өкімді бастығы Алан Макким жастарды өздері сүйетін іспен айналысуға шақырады. Сонда ғана жетістіктің ауылы жақындамақ.

0 пікір