"Бос уақытыңды іспен толтыр!"
"Бос уақытыңды іспен толтыр!"
2 жыл бұрын 2748
Айыз әл-Қарни

Өмірде ешнәрсемен айналыспай бос жүретін адамдар, әдетте өтірік әңгімелер мен өсек-аяндарға жақын болады. Өйткені олардың зейіндері тұтқында: «Олар кәззаптармен бірге болуға разы болды». (Құран, «Тәубе»-87.).

Адамның ақыл-ойы үшін ең қатерлісі – оның босқа өткізген күндері. Ол кезде ол – оңға бір, солға бір қисалаңдап, еңісқа қарай зуылдап бара жатқан жүргізушісі жоқ машина сықылды.

Егер күнделікті өміріңде бір күнің бос болып (еш нәрсемең айналыспасаң), уайым-қайғы мен қам-мұңға өзіңді дайындай бер. Өйткені бостық – «өмір» атты жәшіктен саған өткеннің, қазірдің және келешектің барлық құжаттамаларын (досье) жинап әкеліп береді. Сені рухани дағдарысқа ұшыратады.

Сондықтан да, саған және өзіме айтар кеңесім – осындай өлтіруші бейжайлықтың орнына, пайдалы істермен айналысқын. Өйткені ол (бостық) – өз-өзіңді білдіртпей көмумен және ұйықтатушы капсуланы ішу арқылы өз-өзіне қолсалумен тең.

Бос болушылық – өзіңді жайлап азаптау деген сөз. Қытай түрмелерінде қолданылатын азаптау тәсілі секілді. Онда тұтқынды трубаның астына қойып, әр минутта бір тамшы тамдырып қояды екен. Сонда әлгі тұтқын тамшылардың әрбірінің тамуын күте-күте жынданып кетеді екен.

Бейқамдық – ғапылдық. Бостық – шебер ұры. Ал ақылың - қиялдағы соғыстағы парша-паршасы шыққан құрбандық.

Ендеше, дәл қазір орныңнан тұр да, намаз оқы немесе кітап оқы, не болмаса, тәспі тарт, бір нәрсені зерделе, яки жаз, не, кітаптарыңды ретте, тегі болмаса, үйіңді жина, әйтеуір өзіңе пайдалы іспен айналыс. Осылайша бостықты іспен толтыр. Менің саған айтар ақылым осы.

Бос уақытты «жұмыс пышағымен» кес. Осылай істесең бақыттылықтың 50 пайызына қол жеткізетініңе әлемнің барлық дәрігерлері кепілдік берген. Егіншілерге, ноубайшыларға, құрылысшыларға қарашы, жан-рақатына бөленіп, қалай бұл-бұлша әндедіп жүр! Ал сен болсаң төсегіңде жатып «шағылдым» деп, қиналып, көз жасыңды сүртіп жатырсың[1].


[1] Автордың: «Лә тәхзан» (қайғырма), атты кітабынан аударылды. «Мәктәбәтуль-Абикан», Рияд-Сауд Арабия,  2002 жыл. 43, 44 бет. Араб тілінде. 

Аударған Абдусамат Қасым

 

0 пікір