Дүниеден өткен ата-анасына балалары істей алатын 4 жақсы амал
Дүниеден өткен ата-анасына балалары істей алатын 4 жақсы амал
5 жыл бұрын 7256

 

Сахих хадистердің бірінен: «Біз Нәбидің (с.а.у.) жанында тұрғанымызда бір кісі: «Я Рассулла (с.а.у.), ата-анам қайтыс болғаннан кейін оларға жақсылық істеудің жолы бар ма?» - деп сұрапты.

Ол (с.а.у.): «Иә, бар. Қайтыс болған ата-анаңа төрт жолмен жақсылық істесең болады:

- олар үшін дұға етіп, күнәлары үшін жарылқау тілеу;

- орындай алмай кеткен уәделерін орындау;

- достарын құрметтеу;

- ата-анаңды себепші етіп олардың туыстарымен қатынасты үзбеу»,  - деді».

Осы ой ендігі бір хадисте былайша жалғасын табады:

«Жан тапсырысымен пенденің барлық амалы тоқтап, тек үш амал өз жалғасын табады. Ол - жария садақа, үйреткен пайдалы білім, артта қалған ізгі ұрпақтың дұғасы».

0 пікір