Ережеп айының есімдері
Ережеп айының есімдері
3 ай бұрын 1462

Қасиетті харам айларының біріндеміз. Ражаб айында ораза ұстап, құлшылық жасаудың өзіндік артықшылықтары бар. Бұл айда ораза ұстаушыларға пейіште сарай берілетіндігі риуаяттарда айтылады. Ал бұл айда ораза ұстаған кісінің әр күні бір айлық күнәсіна кешірім болады. Ендеше, осындай өзіндік артықшылығы бар айтулы айлардың бірі саналатын Ережеп айының бірнеше атаулары бар екен. Бұл ай негізінен Ислам діні келмей тұрып та араб қоғамында ерекше қасиет тұтылатын болған. Ислам діні келгеннен соң аталмыш айдың төрт қасиетті ай қатарына жатқызылып, қасиеттілігін жоғалтпады. Ендеше бұл айды Исламнан бұрын араб халқы қалай атаған екен, сол жайында таныстыра кетсек деп отырмыз.

1ّ) Ражаб. «Ражаб» ұлықталу сөзінен шыққан десек, ұлықталған деген мағынада «ражаб» деп аталған деседі.

2) әл-Асабб. Осы айда Алланың рахымы төгіледі деп сенгендіктен, бұл айды «әл-Асобб» деп те атаған.

3) әл-Асом. Осы айда арабтар соғысуды доғарып, қылыштардың дауыстары естілмей, тайпалар арасында тыныштық орнайтындықтан, бұған бұрынғы араб жұртшылығы «әл-Асом» деген де ат таққан.

4) әл-Муъаллә. Ислам келмей тұрып ескілікте құмар оқтарының ең ұлығын «әл-Муъаллә» деп атаған. Ережеп айы да өзге айлардан ерек болғанна кейін, бұл айға да осындай атау берілген екен.

5) әл-Мұқим. Қадірі қашпай, әрдайым құрмет тұтылатын ай болғандықтан бұл айға «әл-Мұқим айы» деп те ат қойған.

6) әл-Һәрәм (қарт). Бұл ай ескіден бері құрметті ай саналып келгендіктен, бұған «әл-Һәрәм» деген де ат қойған.

7) Ражм (тас боран). Бұл айда шайтандар тас боран етілетіндіктен, яғни, қуалатындықтан, «Рәжм» айы деп те аталған.

8) әл-Мүбри-у.

9) әл-Ъатира. Ъатир деген, Ражаб айында шалынатын құрбанның аты. Араб қоғамында осы айда пұттарға арнап бір қой құрбан шалу әдеті болғандықтан, бұл айға әл-Ъатира деген атау таққан. Бұл құрбан түрі Ислам келгеннен соң, тоқтатылды.

Міне Ережеп айының осындай атаулары болған екен. Алайда қазіргі таңда бұл ай көбіне «Ражаб» атауымен белгілі, өзге аттары қолданылмайды.

0 пікір