Көңілің қаяу кезде біреуге игілік жаса...
Көңілің қаяу кезде біреуге игілік жаса...
2 жыл бұрын 3421
Айыз әл-Қарни

БІРЕУГЕ ИГІЛІК ЖАСАУ - КӨҢІЛДІ ЖАДЫРАТАДЫ

Аты сияқты әсем. Заты сияқты әйгілі. Дәмі сияқты керемет.

Адамдарды бақытты етуден ең бірінші пайдаланатындар - біреуді бақытты етуді ту ететіндер. Олар оның жемісін бірден бойларына сіңіріп, мінез-құлықтары мен ар-ождандарында көрініс табады.


Егер сені бір нәрсе жабырқатып, көңіліңе қаяу түсірсе және біртүрлі іштей рухыңды қайғы-мұң қысса, біреуге игілік жаса. Біреуге әсемдік сыйла. Сонда жаның жай табады. Рухың рақаттанады. Мәселен, қолында жоққа бер, әділетсіздікке ұшырағанға жәрдем ет, қайғы тұңғиығына батқанды құтқар, ашты тамақтандыр, науқастың көңілін сұрап бар, қазаға ұшырағанға жәрдем ет т.б. Сонда бақыттың сенің тұла бойыңды қамтығанын сезесің.

Расында, жақсылық жасау - тасымалдаушыға да, сатушыға да, сатып алушыға да хош иісін жұқтырып, жақсы көңіл-күй сыйлайтын хош иісті әтір сияқты. Өзгенің жанын жадыратар ізгіліктің пайдасы - дәріханадан жіберілетін берекелді дәрумен сияқты, жүрекке жылу сыйлап, ізгілік дәнін себеді.

«Тіпті дін бауырыңа жылы жүзбен қарауыңның өзі садақа». Пақырлардың жүзіне күлімдеген жүзбен сәуле шашып қарау - Алла Тағаланың құзырында садақамен тең. Ал қабағыңа қар жаудырып қарау - өзге үшін қашан жүзеге асары белгісіз қырғын соғысты жариялағандай әсер қалдырады.

Сусап өлуге айналған қабаған бір итке қолымен су бергеннің нәтижесі - кеңдігі көктер мен жердің ауқымына татитын пейішке кіру болды. Өйткені сауап беруші зат - кешірімді, рақымы мол. Рақметі тез. Өзі әсем болғандықтан, әсемдікті жақсы көреді. Ол - бай, мақтаулы.

Ендеше, ей, бақытсыздық пен қайғының, қауіп пен уайымның қорқынышты түсі ұйқыларын қашырғандар! Ізгілік бақшасына асығыңдар. Өзгелерге игілік жасаумен шұғылданыңдар. Қолдан келгенше мұқтажға жәрдем беріңдер, ашты тойдырыңдар, көңілсіздің көңілін аулаңдар, біреуге қол ұшын беріңдер. Сонда бақыттың бағында шалқисыңдар, шаттықтың дәмін татып, түсін көріп, иісін сезесіңдер. Аятта айтылғандай:

«Оның онда біреуге берер нығметі жоқ, тек Ұлы Раббысының разылығын табу мақсатында ғана (беретіні бар). Және ол жақында дән риза болады». («Ләйл» сүресі, 19-21). 


Автордың "Лә тәхзән" (қайғырма) атты кітабынан. (Араб тілінде).

 

 

 

 

0 пікір