Мың аятқа татитын қысқа сүре
Мың аятқа татитын қысқа сүре
6 ай бұрын 5379
А. Қасым

Құран Кәрімнің барлық сүрелері және аяттары теңдей дәрежеде қасиетті және киелі саналады, әрі әрбірі өз алдына ерекше мән-мағына қамтитыны сөзсіз. Олардың арасында кейбір сүрелердің артықшылығы арнайы айтылған. Сондай сүрелердің бірі «Тәкәсур» сүресі.

Тәкәсур сүресі Меккеде түскен. Сондықтан, «Мәккии сүре» деп аталады. Құранның 102-ші сүресі болып саналатын бұл сүре сегіз аяттан тұрады. Сүренің мазмұны: пенделердің дүние малының соңына түсіп, атақ-даңқ, бала-шаға, бақталас деп жүріп, ақыретін ұмытып кететіндігі баяндалады.

Тәкәсур сүресі бар жоғы сегіз аяттан тұрса да, оны «мың аятқа» татитындығын Алла елшісі (с.а.у.) өзінің хадис шәрифтерінде білдіріп өткен. Сахаба Абдулла ибн Омардан жеткен сахих хадисте Алла елшісі (с.а.у.) бір кезінде сахабаларына былай депті: 

 ألا يستطيعُ أحدُكم أنْ يقرأَ ألْفَ آيةٍ كلَّ يومٍ ؟ قالُوا : ومن يستطيعُ ذلك ؟ قال : أما يستطيعُ أحدُكم أنْ يقرأَ «ألهاكُم التكاثُرُ

"Араларыңда күніне мың аяттан оқып тұра алатын біреу бар ма?"-деді Алла елшісі. Сахабалар: «Оған кімнің шамасы жетер екен?» - дейді. Сонда Алла елшісі (с.а.у.): «Сендерден ешкім «Тәкәсур» сүресін оқи алмайма?!» - деп айтты»1. 

Әзіреті Омардан жеткен хадисте де Алла елшісі (с.а.у.) былай дейді: 

عَنْ عُمَرَ بْنِ الخَطّابِ قالَ: قالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَن قَرَأ في لَيْلَةٍ ألْفَ آيَةٍ لَقِيَ اللَّهَ وهو ضاحِكٌ في وجْهِهِ، قِيلَ يا رَسُولَ اللَّهِ ومَن يَقْوى عَلى ألْفِ آيَةٍ ؟ فَقَرَأ بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ ﴿ألْهاكُمُ التَّكاثُرُ﴾ إلى آخِرِها، ثُمَّ قالَ: والَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ إنَّها لَتَعْدِلُ ألْفَ آيَةٍ» 

«Кімде-кім түнде мың аят оқыса, о дүниеде Алла Тағаламен жүзі жарқын болған күйі кездеседі» дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Мың аятты оқуға кімнің күші жетеді?» - деп сұрайды. Алла елшісі болса: «Бисмилләһир рахманир рахим. Әлһәкумуттәкәсур...» деп тәкәсур сүресін оқыды. Кейін: «Жаным қолында болғанға ант етейін! Осы сүре мың аятқа татиды» деді» деп Әзіреті Омар сөзін аяқтапты2. 

Ендеше, «Тәкәсур» сүресін күніне ең кемі бір рет оқып, мағынасын «тәфәккур» етіп тұру керек екен. 

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


Хәкім: «Мүстәдрак». Риуаятшылары сиқа.
Дәйләми; Шәукәни: «Фәтхуль Қадир».

 

0 пікір