Оразаның пайдалары: Ора­за жа­ман­дық­тан сақ­тайды
Оразаның пайдалары: Ора­за жа­ман­дық­тан сақ­тайды
9 жыл бұрын 4047

Ора­за адам жа­нын та­зар­тып, жа­ман қы­лық­тар­дан сақ­тайды. Құ­ран­да Алла Та­ға­ла бы­лай дейді. «Ей, иман ет­кен­дер! Кү­нә­лар­дан сақ­та­нып, та­қуа­лық­қа же­ту­ле­рің үшін сен­дер­ге бұ­рын­ғы­лар­ға па­рыз етіл­ген­дей ора­за па­рыз етіл­ді»280 .

Бұл аят­та ай­тыл­ған­дай ора­за­ның мақ­са­ты – мұ­сыл­ман­ды та­зар­тып, та­қуа­лық дә­ре­же­ге жет­кі­зу. Бі­рақ та­қуа­лық де­ген не өзі? Осы­ны әуелі ұғы­нып, тұ­шы­нып алайық. Та­қуа дегеніміз – сақ­та­ну, қор­қу, сиыну, Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның қор­ға­ны­на кі­ру. Та­қуа­лық­тың үш дә­ре­же­сі бар:

Мәң­гі­лік өлім­нен сақ­та­ну. Яғ­ни, өзін жа­рат­қан Алла Та­ға­ла­ға се­ну, иман ету. Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға иман ет­пе­ген адам­ның ба­сы­на бақ, қо­лы­на құс қон­ған­мен қа­шан да жан-са­райы қа­раң­ғы бол­мақ. Өйтке­ні, ер­тең­гі күн өлім­ге ба­сы ті­гіл­ге­лі тұр­ған жан­ның бү­гін­гі тат­қан ба­лы да у бо­лып ке­ле­ді. Ен­де­ше, бү­гі­ні жоқ­тың ер­те­ңі де жоқ. Алайда, ті­лін кә­ли­ма­ға кел­ті­ріп, Алла Та­ға­ла­ға иман етіп, мойынсұн­ған жан мәң­гі­лік жа­һан­нам оты­нан құ­ты­лып, мәң­гі­лік ба­қыт­ты­лық са­райы жән­нат­қа қа­рай қа­дам ба­са­ды. Яғ­ни, иман ет­кен өзін мәң­гі­лік өлім­ге де­ген со­қыр-се­нім мен кү­пір­лік­тен сақ­тайды.

Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға қар­сы ке­лу­ден сақ­та­ну. Алла Та­ға­ла­ның көп­те­ген бұй­рық­та­ры бар. Осы әмір­лер­ді орын­дау – па­рыз. Жә­не Оның көп­те­ген тыйым­да­ры да бар. Олар­дан алыс тұ­ру – па­рыз. Оның тыйым сал­ған­да­ры­на қол жүгірту – Оған қар­сы ке­лу де­ген сөз.

Ті­ке­лей Алла Та­ға­ла­ның қор­ға­ны­на кі­ріп, Одан өз­ге­ні жү­рек­ке ал­мау.

Ен­де­ше, та­қуа­лық – иман­ды, көр­кем мі­нез­ді, па­ра­сат­ты жан бо­лып, Алла Та­ға­ла­ға мойынсұ­нып, «то­лық адам» шы­ңы­на қа­рай «нұр­лы ақыл­ды» шы­рақ, «жы­лы жү­рек­ті» пы­рақ етіп, ыж­да­һат­ты­лық­пен қа­дам ба­сып қай­рат­та­ну. Де­мек, ора­за­ның мақ­са­ты – жан­ды ру­ха­ни кір­ден та­зар­тып, көр­кем мі­нез­ге тәр­биелеу, нәп­сі­ге ауыз­дық са­лып, тіз­гін­ді қол­ға алу. Аса ой­шыл Ибн Рушд бы­лай дейді: «Егер кім­де-кім ер­кі мен нәп­сі­сі­не ие бол­са, он­да ол өзін әлем­нің ең ба­қыт­ты ада­мы­мын деп са­на­сын».

Бі­рақ ора­за, аузы бе­рік жан­ды та­қуа­лық-тауына қа­лай жет­кі­зе­ді? Жал­пы адам ба­ла­сы­ның то­лық адам шы­ңы­на же­туі мен көр­кем мі­нез­ді бо­луы­ның не­гі­зі – нәп­сі­ге ие бо­луын­да жа­тыр. Нәп­сі – бойда­ғы құ­мар­лық се­зім. Ол өзі­не ұнамды ке­ле­тін бар­лық нәр­се­ге қол сұқ­қы­сы, тат­қы­сы ке­ле­ді. Оның өл­ше­мін­де шек жоқ. Бү­гі­нін, тіп­ті бір сәт­тік ләз­за­тын ер­те­ңі мен мәң­гі­лік ба­қы­ты­на айыр­бас­тап яки са­тып жі­бе­ру­ге қа­шан да құм­был тұ­ра­ды. Асы­лын­да, ол үшін ер­тең жоқ. Мі­не, осы кез­де ақыл рөл ой­най бас­тайды. Ақыл – жақ­сы мен жа­ман­дық­ты айыра бі­ле­тін адам­ның не­гіз­гі құ­ра­лы. Бі­рақ сол ақыл­дың да өл­ше­мі шек­теулі. Оның бү­гін­гі жақ­сы де­ге­ні ер­тең жа­ман, жа­ман де­ге­ні жақ­сы бо­луы әб­ден ық­ти­мал. Мі­не, осы кез­де ақыл­ға бү­гі­ні мен ер­те­ңін­де жа­ңы­лыс­пай­тын өл­шем қа­жет. Бұл – ила­һи өл­шем. Егер адам ба­ла­сы нәп­сі­сі­не ие бо­ла ал­ма­са, нәп­сі адам­ның ер­кін қа­ла­ған жа­ғы­на ба­ғыт­тай ала­ды. Кей кез­де ила­һи өл­шем­ді біл­ген ақыл­ды тұт­қын­дап тас­тап, ерік­сіз өзі­не мойынсұн­ды­рып тыйым сал­ған нәр­се­ге қол сұқ­ты­ра­ды. Сон­дық­тан ақыл жү­рек­пен бі­рі­гіп, Алла Та­ға­ла­ның бұйры­ғын орын­дап ауыз бе­кі­те­ді. Нәп­сі­нің бар­лық күш-қуаты осы ауыз ар­қы­лы өте­ді. Нәп­сі қан­ша­ма ақыл мен ерік­ті ауыз ашу­ға қинаса да, ол екеуі Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның бұйры­ғы­нан аса ал­майды. Ашық­қан нәп­сі­нің құ­мар­лық се­зімі әл­сі­реп, дең­гейі тө­мен­деп ке­те­ді. Осы сәт­те адам бойына ру­ха­ни қар­қын жү­ре бас­тайды да, жү­рек­тің түп­кі­рін­де, нәп­сі­нің қал­та­ры­сын­да қал­ған ар-ож­дан күл­лі адам­гер­ші­лік се­зім­дер­ді оя­тып, ту­ра­лық­қа бас­тайды. Яғ­ни, не­гіз­гі рөл мен тіз­гін­ді ар-ож­дан қол­ға алып, адам жа­ны ру­ха­ни ләз­зат­қа шо­мы­ла бас­тайды. Бәл­кім, ол сон­да ға­на құ­мар­лық се­зім­дер­дің тат­қан ләз­за­ты­нан, ру­ха­ни се­зім­дер­дің ал­ған ләз­зат­та­ры әл­де­қайда ба­сым еке­нін аң­ға­рып, оның бұ­дан кейін­гі бар ар­ман-ті­ле­гі – то­лық адам шы­ңы бо­ла бас­тайды. То­лық адам шы­ңы – адам­ның Ұлы Жа­ра­ту­шы мі­не­зі­не ұқ­сауы. Яғ­ни, ра­қым­ды, мейі­рім­ді, ке­ші­рім­ді бо­лу се­кіл­ді. Мі­не, ора­за­ның осын­дай хик­мет­те­рі бар.

Нәп­сі­ні тәр­бие­леп, жол­ға са­лу­да аш­тық пен шөл өте үл­кен рөл ой­найды. Бі­рақ бұл Алла Та­ға­ла үшін бо­луы ке­рек. Кі­сі өз­ді­гі­нен аш қа­лып, діт­те­ген мақ­са­ты­на же­те ал­майды. Өйтке­ні, ора­за – Алла Та­ға­ла­ға жа­са­ла­тын ғи­ба­дат. То­лық адам бо­лу жо­лын­да­ғы бар­лық қа­дам Ұлы Жа­ра­ту­шы үшін ар­на­луы ке­рек. Қа­сиет­ті (қуд­си) ха­дис­те Алла Та­ға­ла: «Аузы бе­рік адам ішіп-жеуін мен үшін до­ғар­ды. Ора­за – Ме­ні мен құ­лым­ның ара­сын­да­ғы ғи­ба­дат. Оған бе­рі­ле­тін сыйды Мен ға­на өл­шеп, Мен бе­ре­мін. Аузы бе­рік құ­лым­ның аш­тық пен су­са­ған­дық­тан шық­қан ауыз исі мен үшін миск әті­рі­нен де та­ма­ша», – дейді.

280 Бақара,2/185.

0 пікір