«Ұялмасаң қалағаныңды істе!» (Хадис тағылымы)
«Ұялмасаң қалағаныңды істе!» (Хадис тағылымы)
7 ай бұрын 1961

Бисмилләһир рахманир рахим

Бүгінгі хадисіміз ұятқа байланысты. «Сахих Бұхари» атты хадистер жинағында келтірілген бір риуаятта былай делінген:

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ عُقْبَةَ بْنِ عَمْرٍو الْأَنْصَارِيِّ الْبَدْرِيِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه و سلم "إنَّ مِمَّا أَدْرَكَ النَّاسُ مِنْ كَلَامِ النُّبُوَّةِ الْأُولَى: إذَا لَمْ تَسْتَحِ فَاصْنَعْ مَا شِئْت" .

«Алғашқы пайғамбарлардан мұра болып қалған өсиет: «Ұялмасаң қалағаныңды істе!» деген өсиет». («Сахих Бұхари»).

Бұл хадистен түсінетіміз:

Ұят қасиетінің - барлық үмбетте бар болғандығын әрі ұят сезімінің сонау Адам атадан бастап есептегенде барлық адамзатқа ортақ құндылық екендігін түсінеміз. 

Адам баласын жамандықтан және күнә істен қайтарып тұратын екі үлкен құндылық бар:

  • Бірі - иман.
  • Екіншісі - ұят.

Құдіреті күшті Аллаға деген сенім, "Жаратушы көріп-біліп тұр" деген наным адамды көп харам істерден тыйып, жақсы істерге баулыйды. Мәселен, кісі ақысын жеу, біреудің ала жібін аттау т.т. осы сияқты әбес әрекеттерден адамды тыйяды иман.

Ал екінші құндылық - ол, ұят. "Ұят кетсе, абырой кетеді" деген сөз бар. Ұят та көп әдепсіз, абыройсыз істерге кедергі жасап, жақсы істерге итермелейді. Тіпті қарапайым адамның жеке тазалығы мен гигиенасын сақтаудың өзін бойға қалыптастыратын да осы ұят сезімі. Адам мысалы, үсті-басы кір-қожалақ болып елдің алдына шығудан ұялады. Міне осы сияқты нәрселерге итермелейтін, тәрбиелейтін, көптеген жақсы нәрселерге баулыйтын құндылықтың бірі «ұят» екен. Ендеше, иман мен ұят бір-бірінен ажырамас, бір бүтін. Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа бір хадисінде: «Үят - иманнан» деп бекер айтпаған.

Енді, жоғарыдағы хадистегі Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Ұялмасаң қалағаныңды істей бер!» деген сөзін екі жақты түсінуге болады:

  • Біріншісі, ұяты жоқ адам қалаған нәрсесін істейді деген сөз. Ұяттан жұрдай кісі арсыз, бейәдеп іс-әрекеттерден өзін тыймастан, ешкімнен тартынбастан істей береді.
  • Екіншісі, қандай да бір іс-әрекетке барар алдында сол істемекші болған ісін көкейіндегі ұят пен ар-ождан таразысына салып көруі керек деген сөз. Мысалы, бір іске барарад: «мына әрекетім адамгершілікке жата ма», «мынау тірлігім ертеңгі күні ұят болмай ма» деген секілді есепке алмағы ләзім. 

Алла Тағала біздерді иманды әрі ұяты бар пенделерден еткей! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

0 пікір