Атақты тиктокер Хаби Лейм (Khaby Lame) Құран жаттаған қари екендігін айтты!
Атақты тиктокер Хаби Лейм (Khaby Lame) Құран жаттаған қари екендігін айтты!
2 жыл бұрын 9609

Қазіргі ғаламтор жайлаған заманда атақты Хаби Лейм есімді тиктокерді танымайтын адам кемде-кем шығар. Оның кейбір болмайтын лайфхақтарды үнсіз түрде әзіл қимылдарымен сынап түсірген роликтерін әлеуметтік платформаларда кездестірген боларсыздар. Қазіргі таңда атақты тиктокердің парақшасына тіркелген жұрттың қарасы 145 миллионға жетіп асады. Тіпті ол американдық тиктокер Чарли Д’Амелионы асып, бұгүнде әлемдегі ең әйгілі тиктокер атанған. Оның мылқау әзіл видеоклиптері видео бөлісетін платформаларда 2,3 миллиард лүпіл жинаған.

Құран жаттаған қари

Аталмыш тиктокер жақында Италияндық La Repubblic атты жергілікті басылымына берген сұхбатында өзінің діндар мұсылман екендігін, және де Құранды толық жаттаған Қари екендігін ашық айтты. «Таңдаған мамандығын Исламмен байланысты ма еді?» деген сұраққа, Ол:

«Иә, барған мамандығым Ислами мектеп еді. Мен амал етуші мұсылманмын. Құранның толық аяттарын жаттағанмын» деген жауап қайырған.



 erzincanhaber-24.com

Леймнің айтсына қарағанда оның ата-анасы оны 14 жасында Сенегал еліндегі бір медресеге беріп, ол сол жерде Ислами білімін жетілдіріп, соңында Құран қариы болып шыққан.

Хаби Лейм (Khaby Lame) кім?

Хаби Лейм 2000 жылы, 9 наурызда Сенегал елінде дүниеге келген. Бір жасында жанұясы Италия еліне көшіп, сол жерге қоныс тебеді. Тұрмысы төмен отбасыда өскен Хаби Лейм, жеңіл атлетикамен айналысқан, сондай-ақ, фудбол мен баскетбол спортымен де шұғылданған, тіпті мектеп қабырғасында жүрген кездерінде баскетболдан жастар арасындағы чемпионатқа қатысқан да екен.

22 жасар Хаби Лейм тиктокер болмай тұрып, өзі тұратын Италия еліндегі фабрикалардың бірінде оператор болып жұмыс істейді. Алайда 2020 жылы індеттің кесірінен жұмыстан шығып қалады. Содан бастап өзінің әзіл мазмұнды үнсіз роликтерін түсіре бастайды. Түсірген видеороликтері жұрттың көңілінен шығып, қысқа мерзім ішінде миллиондаған көрермен жинап үлгереді. Қазіргі таңда Хаби Лейм әлемдегі ең танымал видеоблогер саналады. Осы жасқа дейін Италия азаматтығын ала алмаған. Бірақ La Repubblic басылымына берген сұхбатынан кейін жергілікті билік өкілдері оның азаматтыққа қабылдау өтінішінің қабылданғандығын жариялайды[1].


[1] Мәлімет ашық интернет рессурстарынан алынды.

Дайындаған: islam.kz

.

0 пікір