Кезінде АҚШ билігі Османлы патшалығына алым төлеп тұрғанын білетінбе едіңіз?
Кезінде АҚШ билігі Османлы патшалығына алым төлеп тұрғанын білетінбе едіңіз?
2 жыл бұрын 4130

Бүгінде әлемнің ең күшті мемлекеті болып саналатын Америка Құрама Штаттары 18 ғасырдың ақырғы тұсында, «Ақ теңізде» сауда жасай алу үшін Осман империясының провинциясы болып келген Алжир билігіне алым төлеп тұрған болатын. (Османлы патшалығы 16 ғасырда Хайреддин Барбарос және оның туыстарының арқасында Африканы өз қарамағына қосып алады. Османлылар 1516 жыл Алжир елін, 1551 жылы Ливияны, ал 1574 жылы Тунусты өз қарамағына қосады).

18 ғасырдың аяқ жағы Осман империясының бұрынғы қауқары қалмаса да, әлемнің ең маңызды мемлекеттерінің бірі ретінде өз маңыздылығын жоғалтпаған кез еді. Сол жылдары тарих сахнасына жаңа бір мемлекет – Америка Құрама Штаттары бой көрсетті. АҚШ 1783 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, әлем теңіздерінде әрекет жасауға кірісті. Алайда Алжир Осман теңіз күштері Америка кемелеріне күн көрсетпей қойғандықтан, Америка билігі 1786 жылы Мароккада араб тілінде жазылған келісімге қол қойып, сұлтаннан Марокко порттарын қолдануға рұқсат алды.

Кейінгі жылдарда да АҚШ кемелері Алжир Осман теңіз күштері тарапынан тұтқынға алынып отырды. 1793 жылы, қазан және қараша айларында 11 АҚШ кемесі тәркіленді. 

1794 жылы, 27 наурызда Америка конгресі Алжир Осман теңіз күштеріне қарсы тұра алатын мықты кемелерді жасап немесе сатып алу үшін Джордж Вашингтонға 700 мыңға жуық алтынды жұмсау құзырлығын береді. Бұнымен қатар АҚШ билігі кемелерін қорғау мақсатында 1795 жылы Джозеф Дональдсон бастаған бір делегацияны Алжирге жібереді.

Сөйтіп Османлы падишахы ІІІ-Селим кезінде, 1795 жылдың 5 қыркүйегінде Алжир-Осман билігі АҚШ өкіметімен түрік тілінде жазылған 23 беттен тұратын келісімге қол қояды. Екі жақты келісім-шартта Алжир провинциясының басшысы Хасан Пашаның мөрі мен қолы қойылды.

Аталмыш келісім-шартта - Алжирдегі американдық тұтқындарды қайтару және Атлант мұхиты мен Ақ теңізде АҚШ кемелерінің еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беру қаралған. Оның есесіне АҚШ билігі Османлы мемлекетіне бір мезгілде 642 мың алтын, ал жалғасымды түрде жыл сайын 12 мың алтын (осман алтыны) алым төлеп тұруға міндеттелген.

АҚШ билігі бұл келісімге 19 ғасырдың алғашқы шейрегіне дейін (1818 жылға дейін) берік болды. Осылайша АҚШ билігі, мұсылан Османлы мемлекетіне 20 жылдан астам уақыт бойы алым төлеп тұрды.

Дайындаған А. Қасым 

0 пікір