Мұсылман болған француз кейуана президент Макронға: «Енді атым Софи емес, Мариям!» деді.
Мұсылман болған француз кейуана президент Макронға: «Енді атым Софи емес, Мариям!» деді.
3 жыл бұрын 11606
Дайындаған А. Қасым

Мали жерінде тұтқында болған европа қайырымдылық ұйымының мүшесі 75 жастағы француз Софи Петронин төрт жылға жуық уақыттан кейін (үш жыл, тоғыз ай және екі апта) босатылып, еліне оралды. Тұтқында жүріп мұсылман дінін қабылдаған Софи Петронин, өзін әуежайдан қарсы алуға келген Франция президенті Эмануэл Макронға: «Менің атым енді Софи емес, Мариям!» - деді. 


Фото: sabah.com.tr/

Кейбір шетелдік (араб және түрік) баспасөз көздеріне сенсек, Софидің мұндай мәлімдемесін ұнатпаған Франция президенті күтілген баспасөз мәслихатын болдырмай, әуежайдан кетіп қалған деседі.

Алайда, бұндай хабардың ақ-қарасын анықтайтын француз сайттарында әлдебір ақпар кезіктіре алмадық, бірақ француз елінің ең ескі баспасөз көзінің бірі саналатын Le Figaro газетінің ресми сайтында, ел басшысы Макронның Софи (Мариям) Петрониннің оралуына орай бір-екі лебіз сөз сөйлемегендігін (баспасөз маслихатын бермегендігін) және әдетте бұндай жайттарда қуанышын паш етіп жататын ел президентінің бұл жолы онша қуанбағандығын білдірген. (lefigaro.fr).

 


Фото: lefigaro.fr

Софи Петронин бұрын да бір рет тұтқынға түсіп қала залдағаны бар. 2012 жылы Малидің солтүстігінде орналасқан Гао аймағы "радикалды" саналатын топтардың қарамағына өткен кезде, сол аймақта қайырымдылық қызметін атқарып жүрген Софидің тұтқынға түсуіне шақ қалыпты. Бұл оқиғадан соң елге оралған ол, біраз жыл өткеннен кейін қайта Гао аймағына барып, өзінің үйреншікті қызметіне қайта бастайды. Алайда, 2016 жылдың 24 желтоқсанында Малидің солтүстігіндегі Гао аймағындағы балаларға жәрдемдесу бағытында жұмыс істейтін европалық қайырымдылық ұйымын басқарып тұрған кезінде, жергілікті "радикалды" топ тарапынан ұрланады. Сахел аймағында тұтқында ұсталған Софи арадан 4 жыл  (3 жыл, 9 ай және 15 күн) өткеннен кейін, азаттыққа қауышады және өзінің мұсылман болғанын жариялап, есімін Мариям деп өзгертеді.

«Мен Мали үшін дұға етемін. Оларға Алла өзі мейірімі мен рахымдылығын төксін деп жалбарынатын боламын, өйткені мен мұсылманмын. Сіздер мені Софи деп тұрсыздар, бірақ қарсы алдарыңызда Мариям тұр»

- деді Софи (Мариям) Петронин елге оралғаннан соң берген сұхбатында.


 Фото: IslamNews

Софи Петронин Гао аймағына қайта оралғысы келетіндігін де жасырмады. 

Франция өкіметі Софи Петронинмен қоса, 200 жуық француз тұтқындарының бостандығы үшін 10 миллион евро төлегендігі айтылады.

0 пікір