Қытай патшасынан сахабаларға қарсы көмек сұраған Иран патшасы және қытай патшасының жауабы
Қытай патшасынан сахабаларға қарсы көмек сұраған Иран патшасы және қытай патшасының жауабы
3 жыл бұрын 5997

Қытай патшасының сахабалар жайында айтқандары Иран шахы Яздүжәрд қытай патшалығынан көмек сұрап хат жазады. Қытай патшасы Иран елшісіне:

– Билеушілердің жауға қарсы бір-біріне көмектесу керектігін жақсы білемін. Алайда сендерді елдеріңнен  қуып шығарғалы жүрген қауым жайында айтып бер маған. Олардың аз, ал өздеріңнің көп екендіктеріңді айттың мана. Меніңше, күш-қуаты аз әскердің сендер сияқты саны да, қуаты да мол елді жеңуі олардың қайырлы, ал сендердің жаман жолда екендіктеріңді көрсетеді, – дейді.

– Қалаған сұрағыңызды қоя беруіңізге болады, – деген елшіге патшаның алғашқы сауалы:

– Олар сөз берсе, берген сөздерінде тұра ма?

– Иә, – деп жауап берді елші.

– Соғыс бастамай тұрып, сендерге қандай ұсыныс жасайды?

– Үш нәрсенің бірін ғана таңдауымызды ұсынады:

  • біріншісі, олардың дінін қабылдауымыз керек. Егер осы айтқандарын орындасақ, олармен тең құқыққа ие болатынымызды айтады.
  • Екіншісі, бізді сыртқы дұшпандардан қорғағандары үшін жизия деп аталатын салық түрін төлеп тұруымызды сұрайды. Егер мұны да қабылдамасақ, соғысады, – деп ағынан жарылды елші.

– Қолбасшыларына қалай бағынады? – деді патша келесі сұраққа көшіп. Бұл сұраққа парсылардың елшісі:

– Бір жамағат өз дінбасыларына қалай мойынсұнатын болса, олар да дәл солай бағынады.

– Қандай нәрселерді адал қандай нәрселерді арам деп біледі екен?

– Нені адал нені арам санайтындықтарын айттым ғой.

– Өздеріне арам етілген нәрселерді адал немесе керісінше, өздеріне адал етілгендерді арам деп қабылдай ма?

– Жоқ, – деді елші.

Мәселенің байыбына көз жеткізген соң қытай патшасы:

– Адалды арам, арамды адал етпейінше, бұл халықты жеңу мүмкін емес, – деді.

Ақыры қытай патшасы мынадай бір хат жазып елшінің қолына тапсырды:

«Саған басы Мәруге жеткенде соңы әлі Қытайда жүретін қаптаған қалың қолды көмекке жібере аламын және мұны істеуге міндеттімін
деп білемін. Бірақ елшіңнің маған сыр-сипатын айтып берген бұл халық, егер тауды түбірімен жұлып алуды қаласа, олардың бұған күші жетеді. Олар дәл осы бағытынан таймайтын болса, бір-ақ соққымен менің өзімді жеңуі мүмкін. Олай болса, оларды риза қылып, бір келісімге кел. Олар саған тиіспейінше, сен өздігіңнен оларға соқтықпа». (Табәри, Тарих, 2/549).

"Сахабалар салған сара жол". ІІ том.

 

0 пікір