"Алла жар болсын" деген сөздің мағынасы не?
"Алла жар болсын" деген сөздің мағынасы не?
2 жыл бұрын 26866

Қазақ тілінде «Алла жар болсын» деген әдемі тілек сөзі бар. Сол сөздің мәніне үңіле келе «Алла жар» дегендегі «Жар» сөзінің не мағына беретіндігі ойландырады.

Қазақта «жар» деп «жар тасты» айтады. Осыдан бірінші ойға келетіні: "Алла жар тастай сүйенішің болсын деген мағынада айтылған тұспал сөз" деген анықтама. Бұл да қате емес. Алайда «Алла жар» деген сөздің негізгі мағынасы сәл өзгешелеу. Нақтырақ айтқанда, бұл жердегі «жар» сөзі – парсы тіліндегі «дос», «серік», «жолдас», «сүйікті» деген үғымды білдіретін «Йәр» (يار ) сөзінің қазақша нұсқасы. (Мысалы, біздер ерлі-зайыптыларды «жар» деп атаймыз. Бұл сөздің де түбі парсы тіліндегі «Йәр» сөзіне барып табан тірейді: «өмірлік серік», «өмірлік жолдас» «сүйікті» деген ұғымда).

Ендеше, қазақ тіліндегі «Алла жар болсын» деген тілектің мағынасы – «Алла қолдаушы досың болсын, жорыққанда жолдасың, қиналғанда жалғыз қалдырмас жәрдемшің болсын» деген ұғымды білдіреді екен. 

А. Қасым

0 пікір