Ғалым Абдульмәжид Зиндәни - СПИД вирусын жоятын дәрі ойлап тапқан әлемдегі жалғыз адам
Ғалым Абдульмәжид Зиндәни - СПИД вирусын жоятын дәрі ойлап тапқан әлемдегі жалғыз адам
2 жыл бұрын 9733

Белгілі Йемендік ғалым әрі дін уағызшысы Шейх Абдульмажид Зиндани, БҰҰ-ның (ООН) мамандандырылған мекемесі болып саналатын «Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымынан» (ДЗМҰ) СПИД-ке қарсы дәрі жасау патентін алғанын хабарлады. Ол қазір әлемнің 185 елінде өзінің өнертабыс құқығын қорғауға тырысуда.

Осыдан бірнеше жыл бұрын «әл-Жазира» телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында Зиндани тікелей эфирде, СПИД вирусын жоюға арналған дәрі ойлап тапқан әлемдегі жалғыз адам екенін айтты. Зиндани бұл істе жетістікке жетуін ең алдымен Құдайдың арқасы деп санайды, одан кейін оның Құран мен Сүннеттегі мұғжизалар тақырыбы төңірегіндегі жүргізіп келген ғылыми зерттеулері мен «пайғамбар медицинасын» (хадистерде айтылған ем-дом тәсілдері) қолдануының нәтижесі екенін тілге тиек еткен.

Доктор Абдулмәжид Зиндани өзінің зерттеуін осыдан 25 жылдан астам уақыт бұрын бастаған екен. Алғаш рет ол Сауд Арабиясындағы "Құран мен Сүннеттегі (хадис) мұғжизаларды зерттеу жөніндегі дүниежүзілік ғылыми зерттеу орталығында" СПИД-ке қарсы ем іздеп, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Одан кейін зерттеулері Йемен елінің астанасы «Сана» қаласындағы «Иман» университетіне қарасты «Пайғамбар медицинасын зерттеу» орталығында жалғасты.

«Біз жасаған препараттың «СПИД» вирусын жоятынын зертханамызда тәжірибе жүзінде дәлелдей алдық» - дейді Зиндани. - «Препараттың жарамдылығы мен қауіпсіздігіне нақты көз жеткізу мақсатында, өнертабысымызды ғылыми хаттамаға (протокол) сәйкес жүзеге асырдық. Жүргізілген сынақтардың нәтижесінде препараттың залалдығы нөлге тең екені анықталды» - деген Ол, мына жайтты да қоса кетті: «2005 жылы біз екі топ адамды емдеуге кірістік. Бірінші топта СПИД-пен ауыратын 13 науқас болды. Оларды емдеу іс-шарасы бір жыл бойы жалғасты. Нәтижесінде, он үш науқастың – оны (10) түбегейлі емделіп шықты, қалған үш науқастағы СПИД белгілерінің деңгейі төмендеді. Екінші топта СПИД-пен ауырған 25 науқас болды, оның 13-ін біз емдеп шықтық» - дейді ол.

Одан соң «Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігі» оның он науқасынан қан сынамаларын алып, алынған сынамаларды - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бойынша, Таяу Шығыстағы негізгі зертхана болып саналатын АҚШ Әскери-теңіз күштерінің зертханасына жіберген.

АҚШ-тың Әскери-теңіз күштерінің зертханасы, Зинданидің препаратымен емделіп, одан соң бір жыл бойы препаратты қабылдауды тоқтатқан пациенттерінің ПТР (ПЦР) үлгілерін зерттеді. Тексеруден кейін АҚШ Әскери-теңіз күштерінің зертханасы Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігіне «төрт үлгіде нөлдік нәтиже бар», яғни оларда СПИД вирусы жоқ деп ресми жауап жіберген. Осылайша, Зинданидің дәрісімен емделгеннен кейін пациенттер бір жыл бойы СПИД-ке қарсы ешқандай дәрі қабылдамаса да, олардан СПИД вирусы анықталмаған.

Зиндани онымен шектелмей, өзі емдеген пациенттерінің үлгілерін Германиядағы медициналық зертханаларға жібергенін де айтты. Оның емдеген 23 науқастың емдеу нәтижесі Йорданиядағы ауруханалардың бірінің зертханасында да зерттеуден өткен. Зинданидің айтуынша, бұл ауруханада қандағы бір вирус болса да анықтай алатын заманауи құрылғы бар. Бұл құрылғыға сәйкес, Зинданидің емінен кейінгі алты пациенттің вирус ұпайлары нөлге тең болып, қалған науқастарда  ауру көрінісінің белгілерінің деңгейі төмендегені белгілі болған, олар емдеуді жалғастырулары қажет делінген. 

Зиндани өзінің ғылыми зерттеулерін WIPO-ға берді (ВОИС). Олар оның ғылыми зерттеуін әлемдік медициналық веб-сайттарда жариялады. ДЗМҰ (ВОИС, WIPO) өкілдері Абдульмәжид әл-Зинданидің СПИД вирусын түбегейлі жоя алатын дәрі ойлап тапқанын мойындады. Ғылыми жұмысты ДЗМҰ-ның әлемге жар салуы - плагиатшылардың да жолын кесуге септігін тигізді.  

Зиндани өзінің өнертабысы төңірегінде ДЗМҰ-ның зерттеу жүргізіп, оны сынақтан өткізгенін және оның ғылыми жұмыстарын бір топ ғалымдарға жібергенін және ол ғалымдар мұның препаратын «СПИТ-ке шалдыққан науқастарды емдеуге жарамды» деп тапқанын растады.

Сонымен қатар Зиндани жүрек жеткіліксіздігіне қарсы ем ойлап тапқанын да жариялады. Оның сөзінше, өзі ойлап тапқан дәріні бір-екі ай бойынша жүрек жетіспеушілігімен ауыратын он науқасты емдеген. Әдетте, ондай жүрек аурулардың емі хирургиялық жолмен жасалып жатады, бірақ Зиндани оның ойлап тапқан емдеу тәсілінде хирургияның қажеті жоқ дейді...

Әл-Жазира.
Дереккөз: islamnews.ru интернет порталы.
Қазақшаға аударған: islam.kz

0 пікір