Нәпсінің жолы қараңғы
Нәпсінің жолы қараңғы
8 жыл бұрын 4442
Ерлан Садуақасұлы

Нәпсінің жолы қараңғы,

Улайтын жүрек санаңды.

Иманнан теріс айналса,

Хайуан да етер адамды.

 

Көрсетер жолын ғажап қып,

Сайтанның жолы тозақтық.

Азғырып алдап пендені

Қорлайды арын, мазақ қып.

 

Дінсіздің жолы әурешіл,

Тек өлмей болмас, тәубешіл.

Имансыз ажал құшуды,

Ешбірімізге бермесін.

 

Дүниенің жолы өткінші,

Ұғынып сырын тек білші.

Мейірім Хақтан, үміт қып,

Құлшылық жаққа бекінші.

 

Бақытқа бастар ұдайы

Алланың жолы шынайы.

Мүмінді қорғап қолдайды,

Жаратқан Рахман Құдайы.

 

Пайғамбар жолы туралық,

Болмысы көркем, тұлғалық.

Елшіні сүйген мұсылман,

Жүреді жолмен сунналық.

 

Ұштасқан дінмен салт-дәстүр,

Бабалар жолын жалғастыр.

Атаңның ұстан дін жолын,

Адасқан бағыт болмас бұл.

2 пікір