Қажыға бар, ағайын!
Қажыға бар, ағайын!
8 жыл бұрын 4118
Темірқұлұлы Гулиддин

Қажыға бар ағайын, Қажыға бар!

Қажылықтан жаныңыз азық алар.

Әттең дүние – опасыз! Өтіп кетсе,

Өкінішпен тек қана назы қалар.

 

Қажылық қыл мұсылман, Меккеге кел!

Келмесеңіз, дүниең текке кетер.

Жақсылыққа қолдансаң, дүние – игі,

Жамандыққа қолдансаң, өкпелетер.

 

Тіл сындырған бауырым кәлимаға,

Келмеймісің Расулға (с.ғ.с.) Мәдинаға?!...

«Қажылық – бес парыздың бірі» деген,

Хадис шәриф, аяты кәримада.

 

Күнәнің бәрін кешер Арафатта,

Бұдан артық не керек жамағатқа?!...

Жылына бір келетін Қажылыққа

Өмірде бір баруға шама жоқ па?!...

 

Қажыға кел жамағат, тауап жаса!

Хақ Пайғамбар көрсеткен сауап жаса!

«Дүнием жоқ, бара алмаймын» деме өтініш,

Ықылас қыл, ниет қыл, талап жаса!

 

Қағбаға маңдайыңыз тиген кезде,

Қара тасты өзіңіз сүйген кезде,

Бір намазың ол жерде – жүзмың намаз.

Жаратқанға басыңды иген кезде.

 

Өткіздік қанша жылды бармай қалып?!

Теңдесі жоқ Қажылық – қандай бақыт!

Дүниең һәм денеңіз бірге атқарар,

Қажылық – ерекше амал,маңдайға құт!

 

Пенделікпен көбіне алысамыз,

Той-томалақ, ас берсек, жарысамыз.

Ысырап қылып, дүниені шашсақ-дағы,

«Жағдай жоқ» - деп, қажыдан қалысамыз...

 

Жарлылар жарлымын деп тартынбасын!

Жігеріңе жігер қос, жарқылдасын!

Нәсіпсіз талай байлар бара алмай жүр,

Құштарлығың, ниетің сарқылмасын!

 

Дүние – пәни, байқасасаң шолақ бәрі,

Түгел болсын амалың мұраттағы.

Қажылық кез-келгенге нәсіп болмас,

Қажылар – бір Алланың қонақтары!

 

Қажыға бар ағайын, Қажыға бар!

Қажылықтан жаныңыз азық алар.

Әттең дүние – опасыз! Өтіп кетсе,

Өкінішпен тек қана назы қалар.

Қажыға бар ағайын, Қажыға бар!

2 пікір
  • Алла разы болсын!
    8 жыл бұрын
  • Мұсылман әрі қазақ болғанымызға Аллаға сансыз мақтаулар болсын! Пайғамбарымызыға (с.а.с.) сансыз салауаттар болсын!

    Құран, хадис – қасиетті, мүбәрак; поэзия – ардақты.
    8 жыл бұрын