«ҚҰРАН» (өлең)
«ҚҰРАН» (өлең)
1 жыл бұрын 3317
Нағашыбай Қабылбек

Оның нұры төгіледі жер-көктен,

Сырлы әуені бар ғаламды тербеткен...

Сонау қилы замандарда, сын сәтте,

Бабаларым, құран ұстап серт еткен.

Құран сөзі – темірқазық – жүрекке ем,

Ғапыл жанды алып шығар түнектен.

Мүлгіп тұрған бар табиғат, о, ғажап,

Құран сөзін естігенде дір еткен.

Құран сөзі – жан-тәніңді түлеткен,

Құран сөзі – Алла сөзі – үні өктем!

Пайғамбарға алғаш түскен аятта,

«Алла атымен оқығын» деп ескерткен.

Ғылым-білім жайлы құран сөз еткен,

Аят-сүре түскен әркез тізбекпен.

Құранды ашып қате іздеген кей пенде

Құдіретіне бас иіпті ізетпен!

Уахи болып түссе дағы жүрекке,

Пайғамбарды аяттар бар жүдеткен...

Гете, Пушкин, Толстойлар тамсанған,

Құран осы, ұстайтын жұрт дәретпен!

Екі дүние қамын ойлап әлектен,

Құранды сүй, оқып оны әдеттен.

Балаңа әуел Құран үйрет, қалғанын,

Құран өзі үйретеді әдеппен.

 

0 пікір