Сабырлы адам – бақытты (өлең)
Сабырлы адам – бақытты (өлең)
3 жыл бұрын 4204
Біржан Байтуов.

Сабырмен күтіп, бақытын,
Құлшылықпен әр уақытын
Өткізсе егер көзге ілмей,
Жалғанның жауһар жақұтын

Нақ сол адам бақытты.
Шайтанның түспей торына,
Ақыретті ойлап торыға,
Дүниесін, малын жұмсаса,
Алланың әділ жолына
Нақ сол адам бақытты. 

Қиындық түссе басына,
Сабырмен жеңіп басыла.
Алладан жәрдем тілесе,
Көз жасын жұрттан жасыра
Нақ сол адам бақытты. 

Қуаныш келсе басына,
Ысырап қылмай шашыла.
Аллаға мадақ жаудырса,
Құдірет көкке асыра.
Нақ сол адам бақытты. 

Оңымда және солымда,
Сансыз көп шайтан соңымда.
Жүруді Алла нәсіп ет,
Өзіңнің тура жолыңда.
Жәннәттің кілті өйткені,
Бір сенің ғана қолыңда.

 "Аллаға мадақ (таңдаулы діни өлеңдер)".

0 пікір