100% сутегімен жүретін әлемдегі алғашқы пойыз іске қосылды (видео)
100% сутегімен жүретін әлемдегі алғашқы пойыз іске қосылды (видео)
2 жыл бұрын 1764 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күніне бір цистерна сутегі Coradia iLint пойызына қуат береді. Бар болғаны 1 келі сутегі отыны 4,5 келі дизелдік отын тиімділігін береді. Бұл жайында islam.kz порталы alstom.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Француздық Alstom компаниясы әлемдегі алғашқы сутегі Coradia iLint пойызының іске қосылғаны туралы хабарлады. Оның алғашқы сапары Германияның Төменгі Саксониядағы Бремерверде қаласында аяқталды. Аталған аймақтық пойыз шудың төмен деңгейінде жұмыс істегенде тек бу мен су конденсатын шығарады. Alstom компаниясының мақсаты - әлемдегі ең жасыл теміржол желісіне үлес қосу. Coradia iLint жүру қашықтығы - 1000 шақырым. Күніне бір резервуар сутегі оның жұмысын қамтамасыз ете алады. Пойыз сағатына 140 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен қозғалады, дегенмен, желідегі әдеттегі жылдамдықтар сағатына 80-ден 120 шақырымға дейін ғана ескерсек, бұл үлкен көрсеткіш.  Осынау бірегей жобаға Германия үкіметі қолдау көрсетеді және Coradia iLint-ті дамыту елдің сутегі және отын элементтерінің технологиялары бойынша ұлттық инновациялық бағдарламасы (NIP) арқылы қаржыландырылады.

0 пікір
Мұрағат