20 жылдың ішінде Франция аумағындай орман өскен
20 жылдың ішінде Франция аумағындай орман өскен
3 жыл бұрын 1640 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

2000 ылдан бері күллі әлемде өскен орман-тоғайдың аумағы Франция аумағындай болады. Мұндай аумақтағы орман өз кезегінде 5,9 гигатонна көмірқышқыл газын сіңіре алады, бұл көрсеткіш бір ғана АҚШ-тың жылына бөлетін ауаны ластаушы заттарына тең. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүкіл әлемдік жабайы табиғат қорының (BirdLife International) сарапшылары орман-тоғайдың қалпына келу картасын жасау үшін спутник арқылы алынған мәліметті пайдаланған екен. Орман-тоғайды қалпына келтіру жұмыстары табиғи орман массивін мейлінше аз араласып, яғни, зиян тигізбей қалпына келтіруді ұйғарады. 2016 жылы негізі қаланған, күллі әлемдегі орман-тоғайды қорғауға арналған әрі климат дағдарысының бетін қайтаруға бағытталған «Триллион ағаш» жобасына қатысты дерек бойынша 21 жыл ішінде 145 млн акр (акр – ұзындық өлшемі, 1 акр - 4047 шаршы метрге тең) жерге ағаш отырызылған. BirdLife International белсенді өкілі Уильям Болдуин-Кантелло табиғи орман-тоғайды қалпына келтірудің ағаш отырғызуға қарағанда уақыт пен шығынды аз қажет ететінін әрі биологиялық әр алуандылықтың сақталуына көп көмегін тигізетінін мәлімдеді. Бразилиядағы орман-тоғайдың аумағын 2000 жылдан беру 10,4 млн актрге артқан, олтүстік Моңғолиядағы орман-тоғай 20 ыл ішінде 1,2 млн гектарға ұлғайған. 

Ұқсас материалдар:

«17 жыл ішінде Франция аумағындай тропикалық орман жойылған» (https://islam.kz/kk/news/alem/17-jyl-ishinde-frantsiya-aumagyndai-tropikalyq-orman-joiylgan-14931/#gsc.tab=0);

«Кофенің кесірінен тропикалық орман жойылу алдында тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/kofenin-kesirinen-tropikalyq-orman-joiylu-aldynda-tur-15030/#gsc.tab=0);

«Адамзат өзіне көр қазып жатыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamzat-ozine-kor-qazyp-jatyr-11822/#gsc.tab=0);

«Тропикалық өсімдіктердің үштен бірі жойылудың алдында тұр» (https://islam.kz/kk/news/arturli/tropikalyq-osimdikterdin-ushten-biri-joiyludyn-aldynda-tur-12754/#gsc.tab=0);

«Орман-тоғайдың оталуы аурулардың таралуына себеп болады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/orman-togaidyn-otaluy-aurulardyn-taraluyna-sebep-bolady-13428/#gsc.tab=0);

«Кедейлікпен күрес орманның заңсыз оталу деңгейін 30%-ға кемітті» (https://islam.kz/kk/news/alem/kedeilikpen-kures-ormannyn-zansyz-otalu-dengeiin-30-ga-kemitti-13734/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат