2009 жылы және осы жылдан кейін дүниеге келгендерге темекі сатуға тыйым салынатын заң жобасы қолдау тапты
2009 жылы және осы жылдан кейін дүниеге келгендерге темекі сатуға тыйым салынатын заң жобасы қолдау тапты
13 күн бұрын 419 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Британ парламентінің қауымдар палатасы 2009 жылы және осы жылдан кейін туғандарға ел аумағында заңды түрде темекі өнімдері мен вейпестерді сатып алу мүмкіндігінен айыратын заң жобасын қолдады. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша британ билігі таяу болашақта шылым шегу әдетіне біржола тыйым салуды көздеп отыр. 2027 жылға қарай ағылшын үкіметі темекі өнімдері мен вейпестерді сатып алуға жас шектеуін енгізуді жоспарлап отыр. Үш жылдан кейін 2009 жылы немесе одан кейін туғандар оларды ешқашан сатып ала алмайды. Тиісті заң жобасына 383 депутат дауыс берсе, 67-сі қарсы болды, 100-і қалыс қалды. Қарсы дауыс бергендердің арасында консервативтік партияның 57 депутаты болды. Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Виктория Аткинс бұл шараның мыңдаған адамның өмірін сақтап, денсаулық сақтау саласына түсетін салмақты азайтып, елдегі еңбек өнімділігін арттыратынына сенім білдірді.

0 пікір
Мұрағат