2030 жылға қарай әлемдік метаверс нарығындағы капитал 25 миллиард долларға жетеді
2030 жылға қарай әлемдік метаверс нарығындағы  капитал 25 миллиард долларға жетеді
1 ай бұрын 614 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

AltIndex.com интернет дерек көзінің мәліметі бойынша білім беру метаверс нарығында белсенділіктің айтарлықтай өсуі ықтималдылығы жоғары. Сарапшылардың болжамына сәйкес аталмыш саланың капиталы таяу жылдары 25 миллиард долларға жетпек. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ARABIAN BUSINESS ақпарат көзіне жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES мәлімет көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл саланың бұрын-соңды болмаған өсімі ең алдымен білім беру ісінің цифрлық технологиялаға көшуімен байланысты, дәлірегі, трансформациялық әлеуеті арқылы жүзеге асады. Бұл  өзгеріс педагогтар үшін шексіз тәжірибе жинауға, сонымен қатар, студенттер үшін жекелендірілген оқу, яғни, дербес білім алу мүмкіндіктерін ұсынады. Жаһандық білім беру метаверс нарығы қазірдің өзінде 47% көрсеткішпен елеулі өсу кезеңін бастан кешіруде, екі жыл бұрынғы 1,7 миллиард АҚШ долларынан биыл 2,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Дегенмен, бұл тек бастамасы, өйткені, бұл нарық 2030 жылға қарай нарықтық капиталы 25 миллиард долларға жеткізетін орташа жылдық 46% қарқынмен өспек. Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіштің үштен бір бөлігі, дәлірегі, шамамен 8,3 миллиард доллары білім беру метаверсінің ең үлкен нарығы - Америка құрама штаттарының үлесінде болмақ. Қытай, Жапония және Германия сияқты басқа жетекші салалық нарықтар да тиісінше 960%, 900% және 900% әсерлі өсу қарқынын бастан кешіреді, бұл нарықтардағы капитал мөлшері болжам бойынша 2030 жылға қарай тиісінше 3 млрд, 1,2 млрд және 1 млрд долларға жетеді. Метаверсті сыныптарда оқитын адамдар саны 2024 жылы 28 миллион болса, 2030 жылға қарай үш бұл көрсеткіш еседен асады, дәлірегі, 105 миллионға жетеді. Осы орайда 2030 жылы метаверс сыныптарындағы әрбір бес оқушы АҚШ азаматтары болады, ал жалпы санына шаққанд 10%-дан азы Қытай азаматтары болады. Технология өз кезегінде білім беру ландшафтын өзгертіп жатыр, Соның ішінде, виртуалды шындыққа негізделген қашықтықтан оқытудың түрлі әдіс-тәсілін ұсынатын компаниялар мен стартаптар инновациялық жаңалықтар мен дамудың жаңа мүмкіндіктер ашып, өркендеп келе жатқан нарықты тиімді пайдалануға ұмтылуда.

0 пікір
Мұрағат