|
Айыппұлмен құтылуды жөн көріп отыр
|
ЕО-ға мүше Чехия ішкі істер министрі Милан Хованец чех билігінің Еуроодақ квотасы бойынша босқындарды қабылдаудан бас тартқанын мәлімдеді. Чехтық Parlamentní listy мерзімді басылымының хабарына қарағанда, Чехия билігі Еуроодақтың өзіне жүктеген босқындарды қабылдау міндетін орындаудан гөрі ЕО талабын орындамағаны үшін салынатын айыппұлды төлеуді құп көріп отыр. Айта кетейік, ЕО квотасы бойынша аталған ел 1,6 босқынды паналатуы керек болған. Чехия әзірге 12 босқынды қабылдаған. Чехия билігі осымен шектеліп, бұдан былай босқындарды қабылдамауды ұйғарыпты. Ел қауіпсіздігі, ең бастысы, ұлттық ерекшелегін сақтап қалу үшін осындай шешім қабылдап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады