Әлемде саяхатшылар үшін цифрлы төлқұжат енгізген алғашқы ел пайда болды
Әлемде саяхатшылар үшін цифрлы төлқұжат енгізген алғашқы ел пайда болды
8 ай бұрын 1043 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Финляндия шетелге сапарлайтын саяхатшылар үшін әуежайда  құжаттың  цифрлы нұсқасы (DTC) бар смартфонды қолдануға рұқсат берген әлемдегі алғашқы ел болды. Бұл жайында islam.kz порталы Finnish Border Guard ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әзірге мұндай мүмкіндік Хелсинки қаласынан Манчестерге, Лондонға және Единбургке қатынайтын Finnair рейстерінде қарастырылған. Финляндия шекара қызметі өкілінің айтуынша, DTC тестілеу процесі төлқұжаттың цифрлық нұсқасының сенімділігін тексереді. Бұл пилоттық жоба сәттті шықса, әуежайлардағы шекаралық бақылау уақытын қауіпсіздікке нұқсан келтірместен үштен бірге қысқартуға болады. ICAO қауіпсіздік стандарттарын сақтау үшін финдік саяхатшылар FIN DTC Pilot қолданбасын жүктеп, Уанта полициясының штаб-пәтерінде тіркеліп, екінші төлқұжат суретін түсіріп, басқа мәліметтерді фин шекара қызметіне жөнелтуге дейін 36 сағаттан кешіктірмей беруі керек. Қазірдің өзінде әуежайда бет-әлпетті танудың арнайы технологиясы цифрлық төлқұжат иесінің жеке басын растайтын болады. Цифрлық нұсқаның негізгі кемшілігі - DTC сақталған құрылғының (смартфонның) жоғалуы немесе бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда жолаушы жолынан қалады. Дегенмен, Еуропалық одақ 2030 жылға қарай жолаушылардың 80% -ы DTC пайдалануы мүмкін екенін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат